Қалталы жануарлар туралы біле жүріңіз

Қалталы жануарлар туралы біле жүріңіз

Қалталы жануарларға  кенгуру, опоссум, коала секілді сүтқоректілер жатады. Олар балаларын кеудесіндегі қалтасына салып жүретіндіктен осылай аталған.  Дүниежүзі бойынша қалталы жануардың  250-ге жуық түрі бар. Олардың басым көпшілігі Австралия құрлығында мекендейді.

Сарғыш австралиялық кенгуру – бойы 2 метр, ал салмағы 90 келі тартатын ең алып қалталы жануар. Кенгурудың жаңа туған баласының бойы 2 сантиметр, салмағы 1 грамм болады. Анасының қалтасында ол 6 ай уақыт жатады.

Коала – қалталы аю. Оның дене-бітімі тығыз, басы, құлағы үлкен, терісі қалың, түсі күлгін. Уақытының көп бөлігін ағаш бұтағында өткізеді. Қараңғы түскенде азық іздеп талдан талға  ауысып жүреді. Коаланың ас қорыту мүшесі өте баяу жұмыс істейтін болғандықтан, қимыл қозғалысы да жай.

Жойылып кеткен қалталы жануарлар

Азуы алты қарыс жолбарыс. Олардың екінші атауы «тилакосмилус». Тилакосмилус  осыдан 11 мың жыл бұрын, Мұз дәуірінің соңғы кезеңінде жойылып кеткен. Ал кейбір австралиялық қалталы жануарлар ит, мысық секілді хайуандардың оларға шабуыл жасап, аулағандығынан жоқ болды.

Тасманиялық қасқыр – итке ұқсас жануар. Ол соңғы рет 1936 жылы адам көзіне көрінген. Тасманиялық қасқыр ауыл қойларына шабуыл жасап күн көретін болған. Кейде жергілікті тұрғындар бұл қасқырды көргендерін айтып жатады, бірақ олардың барлығы расталмаған.

Оқи отырыңыз:

Түнде мысықтың көзі неге жанады?

Әлемдегі ең тазалық сүйгіш жаунар

Пілдер аяқтары арқылы байланысқа түседі

Түйеқұстардың салмағы 175 келіге дейін жететінін білесіз бе?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:zhivhum,www.babyblog,batrachospermum.livejournal.com

Н. Нұрмаханұлы