- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Пілдер аяқтары арқылы...
Пілдер аяқтары арқылы байланысқа түседі
Пілдер қалай тілдеседі?
Стэнфорд университетінің ғалымдары қызық жаңалық ашты: пілдер бір-бірімен аяқтары арқылы байланысқа түседі екен. Пілдер аяқтарымен жерді таптап қауіп қатердің алдын алатын көрінеді. Пайда болған дірілді олар 30 шақырым шалғайдан сезеді. Жаңа қоныс орны туралы да осылайша хабар етеді.
Пілдерге пілтұмсық неге керек?
Осыдан миллиондаған жылдар бұрын оларда пілтұмсықтың орнына алға ілгері шыққан ұзындау мұрны мен ерін иегі болған. Піл азығын ағаш бұтақтарынан осы арқылы жұлып жеп тірлік еткен. Ал мұрны ұзындау келгендері өз қоректерін оңайырақ аулаған деседі. Табиғат заңдылығы бойынша жабайы өмірде ең мықтылар ғана аман қалуы тиіс. Мыңдаған жылдар өткен соң күнделікті өмірде көріп жүрген пілдеріміз қалыптасқан. Піл пілтұмсығымен ағаш бұтағынан жапырақ жұлып жейді, үсті басын салқын сумен жуады.
Пілдердің сүйегі қалай бағаланады?
Біз піл сүйегі деп атап келген сүйектер шын мәнінде олардың тісі. Пілдердің салмағы өте ауыр келеді: қос пілдің азу тістері 230 келі тартады, ал ұзындығы 3 метрге жетеді. Піл сүйегінен өте бағалы әшекей бұйымдар жасалады. Піл сүйегінің құндылығы соншалық, бір жылдары соның себебінен пілдерге жойылу қаупі төнген. Қазіргі таңда олар қорғауға алынған. Піл сүйегін саудалағандар немесе аулағандар қатаң жазаға тартылады.
Оқи отырыңыз:
Цеце шыбыны туралы не білесіз?
2014 жылдың ең үздік фотосуреттері
Адам алғаш қолға үйреткен үй жануары
"Қызыл шаяндар" өрісі туралы біле жүріңіз
Әлемдегі жалы ең ұзын жылқы туралы білесіз бе?
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: fishki.net,ayurveda-ivanovo.narod.ru,www.poznavayka.org
Н. Нұрмаханұлы