Әлемдегі ең тазалық сүйгіш жануар

Әлемдегі ең тазалық сүйгіш жануар

Құндыз тазалыққа өте бекем жануар. Олар бір күннің ішінде тері жамылғысын бірнеше мәрте ретке келтіріп отырады. Судан шыға салып, құрғақ жерге төрт аяқтап жатады да  үсті-басын тазалайды. Құндыз денесіне жабысып қалған қоқыстарды бүге-шүгесіне дейін тазалайды. Оның артқы екі табанында арнайы жүн тазалауға бір-бір үлкен тырнақтары бар.

Құндыздар неге су тоғанын салады?

Құндыз суда өмір сүретін жануар болғандықтан, жаз, қысқа қарамастан белсенділік танытады. Қыс мезгілін қалайда аман есен қыстап шығу үшін оларға терең әрі жылы пана керек. Құндыздар індерін су астына салатындықтан өзенді бір қалыпты және су қорын тұрақты, молырақ етіп ұстап тұруға су тоғанын салады. Олар бөгет тұрғызу үшін алдымен өзеннің төменгі жағына үйеңкінің шыбықтарын орналастырады, сөйтіп үстіне бұтақ ағаштарын үйеді, бетіне әр түрлі ағаштардың сабағын мығымдап, оның үстіңгі жағын ауыр тастармен көмкереді.

Құндыз ағашты сұлатып түсіруге алдыңғы азу тістерін пайдаланады. Тістерімен олар ағашты оңай кеміреді. Бір тістегенде шамамен 2 см ағаш қабығын жұлып алады. Әдетте құндыздар қалыңдығы 25 см болатын, терек, қандыағаш, көктерек секілді ағаш діңгегін таңдайды. Бұл ағашты құндыз бір түннің ішінде құлатады. Азық ретінде ағаштың тек ішкі бөлігі желінеді, ал қалған бөлшектері тоған тұрғызғанға пайдаланылады. Тоғандардың биіктігі 2 метрден аспайды, бірақ бөгеттің ұзындығы үлкен болуы мүмкін. Қыстауды  олар жаздың соңғы айында немесе күз мезгілі келгенде бастайды. 

Оқи отырыңыз: 

Цеце шыбыны туралы не білесіз?

Адам алғаш қолға үйреткен үй жануары

"Қызыл шаяндар" өрісі туралы біле жүріңіз

Әлемдегі жалы ең ұзын жылқы туралы білесіз бе?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:prukol.com,www.tepid.ru,photo.99px

Н. Нұрмаханұлы