Суретшілерге арналған техникалық-қауіпсіздік ережесі

Суретшілерге арналған техникалық-қауіпсіздік ережесі
Фото: www.artbeyondcanvas.com

Жаңадан бастаған суретшілер қолданып жүрген сурет материалының уытты деңгейін білуі тиіс. Әрбір суретші төмендегі техникалық-қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет.

Адам терісі сыртқы орта әсеріне қарсы тұра алатын болса да, одан сурет салу материалдарын барынша аулақ ұстаған абзал. Сурет салу кезінде арнайы қолғап киіңіз.

Қолғап қолжетімсіз не қолайсыз болса, сурет салып болғаннан кейін қолды бірнеше рет жақсылап жууды ұмытпаңыз.

Басында бояуы бар қылқаламды ауызға салуға болмайды. Бояуға антисептика (зарарсыздандыру мақсатында микробтарды өлтіретін құрал) және өзге де бояғыш заттарды қосады. Олар адам денсаулығына зиян келтіреді.

Сурет салып отырған жеріңізде ауа реттейтін желдеткіш болсын. Әртүрлі ерітінді иісімен осылай күреспесеңіз, денсаулыққа аса зиян.

Сурет салып отырғанда ештеңе жемеңіз. Сонымен бірге, ішетін сусындарыңызды да сурет салатын орынға жақындатпаған дұрыс. Қателесіп  басқа сұйықтық ішіп немесе бояу, ерітінді тамып кеткен сусынды ішіп қоюыңыз мүмкін.

Бояу заттарын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Оқушыларға сурет құралдарын сатып алғанда құрамында уытты нәрсе болмауын қадағалаңыз.

Материалдарды үнемі қаптап сақтаңыз, сурет салатын жерде от тұтатпаңыз.

Уайт-спирит не басқа да ерітінділер алғанда мүмкіндігінше иісі жоқ түрін таңдауға тырысыңыз.

Пастель (сурет салатын жұмсақ бояу қарындаштар) қиқымын сыпырғышпен емес, шаңсорғышпен тазалаңыз.

Ешқашан бояу мен ерітіндіні ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаға төкпеңіз. Олар құбырды бұзады.

@. @assel_assanova