Миллион доллар тұратын алтынмен апталған шаңсорғыш

Миллион доллар тұратын алтынмен апталған шаңсорғыш

Қазіргі таңда кез келген тұрмыстық техниканы алтыннан жасау сәнге айналып бара жатқаны жасырын емес. Осыған дәлел ретінде құны миллион доллар тұратын шаңсорғышты айтсақ болады. Алтынмен апталған осындай шаңсорғышты жақында америкалық бір компания жасап шығарды.  

GoVacuum GV62711 аталған шаңсорғыш шыға салысымен, әлемдегі ең қымбат тұрмыстық техника атанды. Әрине мұндай техниканың зауыттан мыңдаған данамен шығуы әсте мүмкін емес. Қазіргі кезде тапсырыспен тек жүз дана алтын шаңсорғыш шығарылған. 

Шаңсорғыш функциясы үйді ғана емес, қымбат көлігіңізді және жеке ұшағыңыздың ішін тазалауға мүмкіндік береді.  

Подарите своему дому немного роскоши! 

 

Бір қызығы осындай астрономиялық бағасына қарамастан, аталған шаңсорғыштың отаны Қытай екен. Ал АҚШ-та ол тек алтынмен апталады. Шаңсорғышты алтынмен аптаушы компанияның вице-президенті Джастин Хавьер болса, өз өнімдеріне сұраныс күн санап артып келе жатқанын айтып отыр. Оның ойынша, байларды шаңсорғыштың бағасы емес, техниканың сәнділігі мен функциясы қатты қызықтырса керек. Ол сонымен қатар, болашақта компания алтын унитазды ды шығаруды жоспарлап отырғанын жасырмады.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: uznayvse.ru, drunov.ru

Б. Қосмағамбет