Сабақ жоспары: «9» саны және цифры (Математика 1-сынып)

Сабақ жоспары: «9» саны және цифры (Математика 1-сынып)

Матаева Назигуль Даулетжановна, Алматы қаласы,   Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы:  «9» саны және цифры

Мақсаты: Білімділік: оқушыларды 9 саны және цифрымен таныстыру,  9 санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру,  9 цифрын  дұрыс  жазуды  қалыптастыру

Дамытушылық: әртүрлі белгілеріне  қарай заттарды  салыстыру,  геометриялық фигураларды  ажыратқызу, логикалық ойлау қабілеттерін,  танымдық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар орындатқызу.

Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа,  саналылыққа,  тапқырлыққа,  шапшаңдыққа баулу.

Түрі: жаңа ұғым беру

Типі: аралас  сабақ

Көрнекілігі:  интерактивті  тақта, сандар, суреттер, таратпа қағаз

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру  кезеңі

Оқушылардың  назарын  аудару. Өткенді  пысықтау а). Психологиялық  дайындық:

- Балалар, біздің математика  сабағындағы ұранымыз қандай еді?

- Ендеше, балалар, өткен сабақтарымызды еске түсірейік.

   а) 9-ға дейін тура және кері санату

   ә) сандар құрамын тапқызу

   б) сандар мен  өрнектерді салыстыру, оларды  оқыту

Сабақ жоспарының толық нұсқасын тегін жүктеу

Сурет: vk.com

М. Оңғарова