Қазіргі мектеп бағдарламасына керек 4 пән

Қазіргі мектеп бағдарламасына керек 4 пән
Фото: massaget.kz

Мектеп оқушыларының басым бөлігі аналитикалық ойлау жүйесінен гөрі энциклопедиялық білімге қабілетті. Мектептің соңғы емтиханы ҰБТ-ны тапсырғанда көп оқушы өзінің есте сақтау қабілетіне сенеді. Оған дейін жадтың мықтылығына қарай оқушылар үлгерімі де бағаланады. Бірыңғай теориялық білім кесірінен оқушы қабілеттері толық ашылмай қалады да логика, конструктивті коммуникация, азаматтық құқық сияқты өмірде шын керек болатын білім мен қабілеттен жұрдай болады. Есесіне бізді мектепте “өзімізді тануға” үйретіп, Конституцияның 98 бабын, экономика теориясын оқытты. Назарыңызға қазіргі мектеп бағдарламасына керек 7 пәнді ұсынамыз.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, қазақстандықтар банктерге 700 миллиард теңге қарыз. Несие рәсімдегендер саны – 4,58 миллион. Бұл ата-ананың барлығы бірдей баласына қаржы басқаруды үйрете алмайтынын көрсетеді.

Көп адам білімі жетпегендіктен және қандай да бір қаржы құралдары мен оларды пайдалану тәуекеліне дұрыс баға бермеуі себебінен өздеріне шамадан тыс міндеттер жүктейді. Нәтижесінде қаржыға деген тәуелділік халық арасында ұлғая береді. Оны мектеп жасынан бастап алдын алу керек. Бүгін салық, несие, айыппұл, валюта бағамы, ҚҚС, депозит, инвестиция сияқты ұғымдарды өмірлік тәжірибемен, көзкөрген мысалмен игерген бала ертең ақшаға деген көзқарасын қалыптастырып, оларды басқаруға, болашақ туралы ойлануға, өмірлік циклінің қаржы приоритеттерін жоспарлауға қабілетті болады. Теорияны айналып өте алмаймыз, әрине, бірақ пәнге практикалық басымдық берілуі тиіс.

Математика тек сандардан тұрмайды. Оның маңызды логика атты саласы да бар. Қазіргі математикада логика түбегейлі оқытылмайды деуге келмейді. Мәселе есептер арифметикамен қатар жүреді. Бірақ көп оқушыға дәл сол логикалық тапсырмалар майдай жағады. Себебі олар өздерін шым-шытырық лабиринтке тап болғандай сезінеді. Оқушы өзін есеп емес, ойын ойнап жатқандай сезінеді, бірақ ол өзінің логикалық ой жүйесі табиғи дамып жатқанын байқамайды. Бізге керегі де сол. Ерте жастан логикаға мықты оқушы есептің шығарылу жолын лезде табуға, түрлі формуланың табиғатын түсінуге, тіпті тарих сабағында “қазақтар түркінің ұрпағы болса, біз оқып жүрген “ғасыр” деген сөз неге араб тілінен енген” сияқты сұрақтар қоюға бейім болады.

Бұл пән қазіргі бағдарламада бар. Бірақ материалдың басым бөлігі – теория. Оның барлығы оффлайн-онлайн ортадағы заңдарды қамтымайды. Мысалы оқушыға әлеуметтік желі немесе түрлі онлайн форумда өзінің қандай жауапкершілік арқалайтынын, демалыс кезінде заң бойынша қанша сағат жұмыс істеуге құқылы екенін, қандай әлеуметтік қызметтерді тегін ала алатынын түсіндіру аса маңызды. Мұның бәрін өсе келе бала өзі біліп алар дейміз, алайда талап пен жағдай бәрінде бірдей болмайды. Көп нюансты шекеге тигенде бірақ біліп жатады.

Бұл пәнде оқушылар қарым-қатынас, пікірталас кезінде конструктивті диалог орнатуға, субординацияға, мәселеге жан-жақты, түрлі көзқараста қарауға бейімделеді. Бұл “өзін-өзі танығаннан” әлдеқайда маңызды әрі пайдалы.

Мектеп фундаменталды білім беруі тиіс, бірақ әлеуметтік “тобырды” қалыптастырмауы тиіс.

Адамдардың оннан бірі ғана түрлі диллемаға адекват реакция бере алады. Өйткені қоғамның басым бөлігі мәселеге тек бірбеткей призмада қарайды.

Бұл пәндер оқушының мектепке асығуына себеп болуы мүмкін. Өйткені оларда практика мен практикалық мысалдар көп.

Massaget.kz