Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бозбала / Психология / Ақша мен бала

Ақша мен бала

Ақша мен бала

Ақша біз үшін мәселелердің «көзі» болып есептеледі. Мұны бір ғана отбасындағы ақшаға деген қажеттіліктен білуге де болады. Ақша тек отбасының ғана емес, жеке бастың, қоғамның, мемлекеттің, қала берді бүкіл әлемнің басты «мәселесіне» айналып отыр. Ақпарат пен техника жарық жылдамдығындай дамыған заманда адамдардың басты мақсаты ақша табу болып тұр. Үлкендердің ақшаға деген арақатынасын тоқтата тұрайық та, балалардың бұл құнды қағазға деген көзқарасын білсек деп едік.

Жақында менің журналист досым газет-журналдың үгіт насихат жұмысымен аудандарды аралады. Бір ауылда болған қызық оқиғаны айтып берді. «Балалармен кездесейін деп отырмыз,– дейді, – Бір бала қасымызға балаға тән қызығушылықпен қай жерден келгенімізді сұрады, айттық, қайда жұмыс істейтінімізді сұрады, айттық, сосын қанша айлық алатынымызды сұрады, күліп жауап бердік. Содан, қызық болды қасындағы бір топ балалармен айлығымыздың күн көріске жететін жетпейтінін талқылап кетті» дейді журналист досым. Олар 6-сыныпта оқитын балалар екен. Міне, ақша өміріміздің маңызды бөлшегіне айналғаны сондай, ол біздің отбасымыз, балаларымыз, айналадағы адамдарымызбен, қоғаммен болған арақатынасымызға, проблемаларымызға әсерін тигізеді. Демек, ақша біздің өмір-керуеніндегі сапарлас досымыз. Бірақ...

Түйіннің шешімі қашан да табылады. Көбіне ата-аналар балаларымен болатын үлкен-кіші мәселелерге ақшаны себеп етеді. Қаржы жанұяның материалдық негіздерінің бірі. Бірақ, ата-аналар балаларымен ақша туралы сөйлесуді, қанша беру керек екенін білмейді. Бұлар көп жағдайда өзара түсініспеушілікке, сөйтіп бала тәрбиесіне әсер етпей қоймайды. Бүгін біз бала мен ақша арасындағы бірнеше қиындықтарға тоқталып өтпекпіз.

Жанұядағы алғашқы келісімшарт

Өмірде түрлі келісімшарттар болады. Бірақ отбасындағы бала мен ата-ана ортасындағы келісімшарт басқаша мәнге ие. Бұл келісімшарттың қарапайым мысалы – мектепте жоғары баға алғаны үшін баланы ақшамен ынталандырып отыру. Бұл әр отбасында әртүрлі. Бірі үй тазалап анасына көмектескені үшін, бірі үй тапсырмасын қатесіз, дұрыс орындағаны үшін, тағы бірі үйдегі інісіне қарағаны үшін, мұндай мысалдарды мыңдап келтіруге болады. Ақша үшін бала ұнатпайтын дәріні ішуге, балабақшаға баруға, тамақты өз уақытында жеуге, шуламауға дайын. Бәрі де ақша үшін. Ақшаңыз болса балаңыз қыңыр-қырсық болмайды. Айтқаныңызбен жүреді. Ақша тауып тұрсаңыз болғаны. Енді, балаларды басқа нәрселермен алдау қиын. Олар үшін де көк қағаздың маңызы зор. 

Тағы бір мысал келтірейін. Өткенде бір жамағайынның үйіне барып қалдым. Ананың-мынаның басын шалып, сөз аяғын бала тәрбиесіне бұрдық. Оның айтуынша, балаларының ең кенжесі жақсы оқиды екен. Сол себепті де басқаларынан қарағанда көптеу ақша алады. Таң қалдым. Мұндай дәстүр біздің халықтың қанына қашан сіңіп үлгерген. Ақша берген дұрыс. Бірақ, мөлшерін білген жөн. Ақшаға ғана үй тапсырмасын орындап, сабақ оқып, анасына көмектесетін бала, үлкейгесін де әр жұмысына «бірдеңе» дәметіп тұратынын ұмытпағанымыз абзал. Бізді де оқушы кезде қаржыландыратын. Бірақ бұл қаржыландыру – жақсы сөз болатын. Ақшалай емес. Біз жақсы оқығанымыз үшін бірдеңе дәметпейтінбіз. Оны міндетіміз деп есептейтінбіз.

Отбасында жанұя бюджеті сыр тұтылуы қажет пе?

Ақша сынап сияқты сырғып қолда тұрмайтын қағаз. Сынап сияқты қымбат. Тез таусылады, табылуы қиын. Сондықтан, отбасында ақшаға қатысты сөздер болғанда балаларды араластырмаған жөн. Бала ақшаның не екенін білмейді, ол үшін ақша – түрлі тәттілерге айырбасталатын қағаз ғана. Әдетте балаға ақша оның мектепке барғаннынан бастап анау-мынау, жейтін тағамдар сатып алу үшін қажеттіліктен керек болатын. Бірақ, осы жас мөлшері кеміп, енді ақша балабақшаға барғаннан-ақ керек бола бастапты. Себебі бүгінгі заманда қасыңызда жүрген бала дүкеннен сіз түрлі заттар сатып алғаныңызды, кредит төлегеніңізді, базардан қажетті заттар алғаныңызыды көреді. Өзі де тәуелсіз ақша табуға тырысады.

Басыңа тартсаң аяғыңа жетпейтін көрпе сынды ақша мәселелерін балалардың көзінше талқылау оның жан дүниесіне әсер етпей қоймайды. Қалаған затты алайын десе ақша жоқ деген ой миында тұрады. Сөйтіп, көңілі түседі. Қатарластарының алдында өзін төмен санай бастайды. Бұл түптеп келгенде ынжықтыққа алып келеді.

Балаға ақша берілмесе ше?

Осы тақырыпта ізденіп жүріп, қызық мақал естідім. «Ақшасыз бала – қанатсыз құспен тең» деген. Мектепке бала ақшаны не үшін апарады? Балаға мектепке барарда ақша беріп жіберуіміз дұрыс па? Мысалы, сіз балаңызға жүз теңге беріп жібердіңіз дейік. Келесі күні балаңыз екі жүз теңге сұрайды. Себебі, сыныптасы не досы кеше екі жүз теңге апарған. Сіз бересіз. Бұл бәсекелестіктің арты соманың өсе беруіне әкеліп соғады.

Атақты бизнесмен Илон Маск өз жұмысының жанынан балалары мен қол астындағы қызметкерлерінің балаларына арнап мектеп ашыпты. Мектепте отыз шақты бала оқиды екен. Ешқандай журнал жоқ, балаларға баға да қойылмайды екен. Мұның себебін Илон, «біздің мектеп оқушының алдына шашылған техниканы қойып жинауды тапсырады, бірақ жинау үшін қандай құрал-саймандар керек екенін, тіпті олардың аттарын да айтпайды. Бала өзі ізденіп жинайды, жинау барысында аспаптармен де танысады» дейді. Бала мен ақша арасындағы байланыс та осы сияқты болу керек. Сіз оған балық бермей, қармақтың қалай жасалатынын үйретуіңіз керек. Ал, балық аулауды ол ержеткесін, бойжеткесін үйретсеңіз де үлгересіз.

Кейде аялдамалардың қасында оқушылардың «аға елу теңге бар ма» деген сөзі адамды еріксіз жалт қаратқызады. «Студент – қайыршының мәдениетті түрі» деген сөз еріксіз есіңе түсіп жымиясың. Бірақ, алдыңдағы бала әлі жап-жас. Ақшаның не үшін керектігін сұрасаң тамаққа деген жауап естисің. Кейде балаға ақша бермеудің осындай теріс жағы да бар. Бұл қайыршылыққа бастайтын алғашқы қадам, дер кезінде алдын алмаса соңы қиын жағдайларға алып келеді.

Статистикаға сенсек, балаға ақшаны көп беретін отбасылар орта дәулеттілер екен. Ал, дәулеттілер баласына ақшаны аз береді, тіпті кейбірі мүлде бермейді. Мысалы, Америкада кезінде қайрымдылық қорына адамдар ақша сала бастапты. Әрине, байлар. Журналистер бақылауына болған дәулеттілер жомарттығына қарай ақша тастайды. Атақты, миллиардер Генри Фордтың ұлы Эдсел Брайант Форд жәшікке 1000 доллар, өзі 100 доллар тастапты. Бұл жайт журналистерге қызық боп,сұрақ қойыпты:

– Генри мырза, сіз 100 доллар тастадыңыз?
– Иә...
– Балаңыз 1000 доллар тастады.
– Иә...
– Неге олай істедіңіз? – депті журналистер.
Сонда Генри:
– Себебі, менің әкем миллиардер емес, – деп жауап беріпті.
Иә, баланы ақшаны үнемдеп жұмсауға үйрету, болашақта оның қаржыны сауатты игеріп, орнымен қолдануына алып келеді.

Қорытынды орнына мынаны айтқымыз келеді, балаңызға ақшаның жай ғана қажетті заттарға айырбасталатын қағаз екенін үйретіңіз, көзін жеткізіңіз. Ақша беріп дәніктірсеңіз, ол құныға бастайды. Құныққан бала (үлкендер де) көздеген мақсаты үшін кез келген нәрсені құрбандыққа шалатын қатігезге айналады. Сондықтан, мақсат көп ақша табу емес, жақсы өмір сүру екенін ұмытпағанымыз жөн. Кезінде Кеңес елінде Алексей Леонтьев деген психолог балаларға қатысты тәжірибе өткізеді.

Шеңбер сызып, осы шеңберден шықпай алыста үстелде тұрған затты алу сияқты тапсырманы 5-6 жастағы балаға жүктейді. Өтеміне өте қымбат сыйлық беретін болып келіседі. Сыйлықты балаға көрсетіп те қояды. Бала сыйлықты алғысы кеп тұр. Үстелдегі затты алайын десе қолы жетпейді. Шеңберден шығайын десе шарт бұзылады. Бірақ, соңында баланы қымбат сыйлыққа деген нәпсі жеңіп, шеңберден шығып айтылған тапсырманы орындайды.

Психолог мұның бәрін басқа бөлмеден бақылап тұр. Қайтып келгесін, тапсырма орындалғанын көріп, балаға түрлі мақтау сөздер айтып, сыйлықты береді. Бірақ, бала сыйлықты алмайды, кібіртектеп төменге қарайды. Психолог осыдан мынадай тұжырымға келіпті: «адаммен айуанның айырмашылығы, міне, осында» деген.

Алексей Леонтьевтің айтып отырғанын қазақшаласақ – ұят! Баланы ұят болады деген сөзбен өсіру керек. Демек, ақшаны бала ортасында ұялмайтындай мөлшерде беріп отыру керек. Ұятты бала – мұратты болады. Біздің мақсат ақша бала дамуына кері әсерін тигізіп, оның рухани дүниесін бүлдірмесе деген ниет.

0
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 13 сәуір, 10:10
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.