НЗМ: ЖПЖЖ деген қандай пән?

НЗМ: ЖПЖЖ деген қандай пән?
Фото: НИШ Атырау

Назарбаев Зияткерлік мектебі – Қазақстан Республикасының білім жүйесінің жаңғыру мүмкіндігін қалыптастыратын экперименттік аймағы. Білім жүйесіне енгізілген өзгерістердің ішіндегі ең қызықтысы Кэмбридж Университетінің оқыталатын арнаулы пәннің қолданысқа еңгізілуі еді.

«Жаһандық перспективалар және жоба жұмыстары»(ГППР) деп аталатын заманауи пәннің негізгі міндеті оқушы бойындағы зерттеу қабілетін жетілдіру. Пән негізінде оқушылар жаһандық мәселелерді шешу жолдарын қарастырады. Соның ішінде, еңбек миграциясы, қуаттың балама көздері және интернет-қауіпсіздік секілді тақырыптарға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әлемдік тәжірибемен бөліседі.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанды дамытатын негізгі бағыттарды атап өткен еді: бәсекеге қабілеттілік, ұлттық құндылықтарды сақтау, мәдени білім. Бала кезден баланы әлемнің азаматы ретінде ғана қалыптастырып қана қоймай, ұлтық сана-сезімді дамытуымыз керек.

Бұл пән арқасында НЗМ оқушыларының бойында адамдардың жынысы мен білім деңгейі әрі ұлтына бөлмей оларға тең көзқараспен қарау қабілеті жетіледі. Ал, әлем азаматы міндетін атқару олар үшін істеген әрекетіне жауапкершілікпен қарау және өзінің жаһанға тигізетін үлесін сезіне алумен тең. Дәл осы ЖПЖЖ пәні арқылы  оқушылардың түсінігінде мына әлемнің сан қилы екені қалыптасады. Олардың бойында ұлтжандылық қасиеті оянады.

Пәннің ең күшті тұсы баланың бойындағы сыни ойлау қабілетін дамытады. Бала алған ақпаратты қабылдап қана қоймай, оның деректілігі мен дәйектілігіне аса назар аударады. Сонымен қатар, әлемдік тақырыптарды сөз ету баланы ізденіске алып келді. Ал, ізденіс ойлау көкжиегін кеңейтеді, өз көзқарасын нық жеткізуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, әлемдік шешімі табылмаған мәселелер тұрғысында еркін пікір қалдырады және жаңа бағыттар ұсынады.

Т. Есқали