Тіл туралы мақал-мәтелдер

Тіл туралы мақал-мәтелдер
Фото: coffeebooksters.com

Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер легін ұсынып отырмыз.  

Қу тіл – қоңылтақ етік.

Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.

Ашынған тілді, ашыққан ұры болады.

Пілден тіл күшті.

Татуға – тіл, сұлуға – сұқ.

Тексіздік – тілсіздіктен.

Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.

Тіл – ақылдың өлшемі

Қызыл тіл – жанның мияты,

Абырой – ердің қуаты.

Бастың тазы жастықты былғар,
Тіл қотыры рулы елді былғар.

Бастың көркі – жүз,
Жүздің көркі – көз,
Ауыздың көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз.

Сөйлей білмес жамандар,
Сөзді өзіне келтірер.
Көше білмес жамандар
Көшсе, көлік өлтірер.

Сөйлей білмес жаманның
Сөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның
Әр сөзіне бір тұсақ.

Жаманның берген асынан
Жақсының  айтқан сөзі артық.

Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қаңқу жаман.

Г. Берік