12 жылдық мектептегі оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері

12 жылдық мектептегі оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері

Биылдан бастап Қазақстан 12 жылдық білім беру әдісіне көшпек. Бастапқыда бұл өзгеріске қарсы шыққандар көп болғанымен, соңғы уақытта бұған қатысты даудың қарасы байқалмайды. Дегенмен, жаңа тұжырымдаманың нақты қалай жүзеге асырылатыны, 12 жылдық мектептегі оқу үдерісінің ұйымдастырылуына қатысты сұрақтар көпшілікті мазалайтыны анық. Осы орайда оқырман назарына оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталып өтуді жөн көрдік. 

12 жылдық мектептегі оқу үдерісінің үлгісі білім берудің әртүрлі деңгейінде әрі бірнеше нұсқалық негізде қалыптастырылуы керек. Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігіне негізделген репродуктивті және шығармашылық өзгеретін оқу технологияларын үйлесімді түрде үйлестіру керек.

12 жылдық мектепте оқуды ұйымдастырған кезде жалпы демократиялық мектептерде де ескерілетін келесі қағидалар шешуші мәнге ие. Олар:

• жеке тұлғаның психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне және жасына мән беру;

• күтілетін нәтижелерге қол жеткізу жолына назар аудару;

• ашықтық;

• интерактивтілік.

Нәтижеге бағдарланған білім беру үлгісінде оқыту, ең алдымен, мақсатты ұйымдастырылады. Тұжырымдаманы жүзеге асыру мұғалім (оқыту) мен оқушының (оқудың) өзара арақатынасын, оқыту үдерісінің әр компонентінің мақсаттарын анықтауды талап етеді.

А. Оралқызы