Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / 12 жылдық білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары қандай?

12 жылдық білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары қандай?

12 жылдық білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары қандай?

Қазақстан Республикасы дамушы елдер қатарынан дамыған елдер қатарына өту үшін оның азаматтары жоғары сауатты және бәсекеге қабілетті болуы тиіс.

Ол үшін мемлекет орта білім мазмұны, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді. Осыған орай мемлекет мектепте 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіп отыр. Жүйенің мақсаттары:

Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаға бейімдеуі, адами құндылықтар негізінде қоғам өмірінде өз рөлін таба білу қабілеті, азаматтылығы мен ұлтжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді: Отанының патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.

Мәдени-танымдық құзыреттілік – жалпы адамзаттық мәдени жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдени негіздерін, этномәдени құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу.

 

Когнитивтік құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдақ процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.

Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдану  білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық қатынаста шет тілінде қатынас дағдыларын қарастырады.

Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай алу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу, интерпретациялау білігі.

Әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреті  әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басы мен қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді, кәсіби бағдарын саналы таңдай алуды қарастырады.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Қосылған күні: 24 шілде 2017, 13:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.