Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Мектеп өмірі / Бала неден қорқады?

Бала неден қорқады?

Бала неден қорқады?

Баланың қабылдауы ересектерге қарағанда әлдеқайда өзгеше. Олар тіпті үлкендердің не үшін сөзге келетінін білмейді. Сол себепті өздерін кінәлайды. Бұл – олар үшін зор қорқыныш.

«Түріңе қарашы, салақ!», «Шаршаттың-ау!», «Заттарыңа ие болсаңшы!» деген сөздердің өзі оларға өте ауыр. Мейлі, бұл сөздер оған бағытталмаса да, сіздің мұндай сөздер айта алатыныңызды көріп, ендігі осы ауыр ескертулердің өзіне қарай қарша борайтынынан қорқады.

Мұндай сөздермен баланы тәрбиелеу мүмкін емес. Керісінше сезіміне қорқыныш ұялатасыз. Өз-өзіне сенімсіз, біреудің көмегінсіз ештеңе істей алмайтын, дүкенге барып сауда жасаудан қорқатын баланы өзіңіз жасайсыз.

Заман ағымымен өмір сүріп келе жатқан ата-ана ешқашан баласымен бірге отырып, қорқынышты не атыс-шабысы көп фильмдер көрмейді. Себебі, баланың психологиясын ойлайды. Ойламайтындар – тек өз рақатын сезініп, демалысын өзіне ғана арнайтындар. Оң-солын танымайтын бала теледидардан көрсетілген жаңалықтан да қорқып қалуы мүмкін. Жеке тәжірибеде 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған жарылысты жаңалықтардан естіп, сол ұшақтардың мектепке не үйге келіп соқтығысуын ойлап, ұйықтай алмай шыққаным есімде.

Ұйықтар алдында балаға ертегі оқитын болсаңыз да, ертегінің мазмұнына мән беріңіз. Жезтырнақ, мыстан, түрі қорқынышты арыстан, бір көзді дәу секілді құбыжықтар баланың ойына қатты әсер етеді. Бала үйде жалғыз келген кезде сол құбыжықтар оған үрей туғызуы әбден мүмкін.

Әсіресе, өз-өзімен сөйлесетін балалар мұндай жағдайда тұйықталып қалады. Өйткені оның тылсымға толы, қарадан ада әлеміне қорқыныш деген ұғым еніп, сол қорқыныш оның әлемін жаулап алады.

– Ата-әженің қолында өскен бала басқа үйде жалғыз ұйықтауға қорқады;

– Шауып жүгіріп ойнайтын ойындарға қызықпайтын бала шудан қорқады;

– Әкенің тәрбиесін, ананың мейірімін көрмеген бала өмірден қорқады;

– Ата-анасы тым қатал балалар өз ата-анасына сыр айтуға қорқады;

– Ерте жастан балабақшаға барған бала өзге балалардан қорқады;

– Ата-анасының ұрысын, әкесінің анасына қол көтергенін көрген бала сыртқы күштен қорқады.

2
Рейтинг: +2

Фото: Дина Шмидт
Қосылған күні: 30 қыркүйек 2016, 19:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.