ҰБТ алдында ата-аналарға кеңес

ҰБТ алдында ата-аналарға кеңес
Фото: kaz.tengrinews.kz

Тұлпарын бәйгеге қосқанда тақымын қысып отыратын жан секілді ҰБТ алдында оқушылармен бірге олардың әке-шешесі де уайымдайды.  Себебі әр ата-ана баласына қорқынышты қалай жеңудің жолын іздестірумен мазасызданады. Балаларыңызға сынаққа белсенді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз.

 Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Ешқашан өзгелермен салыстыра сынап, ұрыспаңыз.

− Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыз. Бөгет жасамауға тырысыңыз.

− Тест тапсырмаларын орындауда балаңызға уақытты тиімді пайдалануды үйретіңіз.

 Балаңызды өзгелермен салыстырмаңыз. Керісінше, мадақтап, өз-өзіне деген сенімін жоғарылатыңыз.

 Балаңыздың ішетін тағамына баса мән беріңіз. Есте сақтау қабілетін жақсартатын балық, ірімшік, жаңғақ және өрік секілді тағамдар мен жеміс-жидектер беріңіз.

 Балаңыздың ұйқысын қадағалаңыз. Өйткені, ұйқы да баланың дайындығына әсерін тигізеді.

О. Сансызбай