Тест: Сізден қандай мұғалім шығады? (Жауабы)

Тест: Сізден қандай мұғалім шығады? (Жауабы)
Фото: voxpopuli.kz

Саналы адамның барлығы 7-8 жасынан, тіпті кейбіреулер 4-5 жасынан бастап мектепке барады. Ес біліп, етек жинағаннан көрген алғашқы маманы – мұғалім болғандықтан, адамдардың 70-80 пайызы мұғалім болсам деген ой бір сәт болса да келеді. Кейбіреулер сол бала қиялдың жетегінде, арманына жетеді. Ал сізден қандай мұғалім шығар екен?

БАСЫ

Жауаптар нұсқасында қай әріпті көбірек таңдағаныңызды қараңыз.

«А» Сізді көрсе оқушылар алыстан аяқтары дірілдеп, қорқып жүретін болады. Оларға үнемі айқайлап, жекіріп, жексұрын көрінесіз. Өзіңіздің мектептегі ең қатал мұғаліміңізді, оған деген ұнамсыз сезіміңізді еске түсіріңіз де, өз оқушыларыңызға мейірімді болуға, сабырлылық танытуғы тырысыңыз. Сізден бірнеше адам үлгі алатынын, тіпті өзі қаламаса да еріксіз сіздің қасиеттеріңіз олардың бойына сіңетінін естен шығармаңыз. Өмірде нашар мұғалімдер қатарын көбейте бергіңіз келмесе, өзіңізді қолға алыңыз

«В» Сіз мектептегі ең осал, тәжірибесіз мұғалімдер қатарын құрайсыз. Бойыңыздағы қабілетіңізді қолдана білмейсіз, сондықтан, оқушылар сізді сыйламайды. Өзіңіз оларға құрметпен қарасаңыз, олар да сізді жеткілікті дәрежеде бағалайтын болады. Ал өзіңізді шыңдап, биікке ұмтылмасаңыз, өмір бойы директорден кешірім сұрап, мүсәпір болып жүруге тура келеді.

«С» Сізден өте жақсы мұғалім шығады. Кейде оқушыларға ұрсып, қабақ түйіп қоясыз. Ата-аналарын шақыртып, екілік те қояйып беретін кезіңіз болады. Бірақ орнымен ұрсып, орнымен талап қоя білгеніңіз үшін оқушылар сізге зор құрметпен, сүйіспеншілікпен қарайды. Мектептегі адал да өз ісіне берілген мұғалім боласыз.

«Д» Егер сіз мектеп деген не екенін көрмеген болсаңыз, сұрақтарға басқаша жауап берер ме едіңіз?! Ал қазіргі жауаптарыңызға қарап сізді бүкіл мектеп жақсы көретін ең сүйікті мұғалім болады деп айта аламыз. Барлық балаларға өз балаңыздай жаныңыз ашып, бойыңыздағы бар қасиетіңізді олардың бойына сіңіруге барыңызды саласыз. Білімнен бұрын, тәрбиеге көп көңіл бөлесіз. Әрдайым ізденісте жүріп, оқушыларды тың жаңалықтармен таңдандырасыз. Сол себепті барлық оқушыларыңыз сабақты беске білетін болады. Әр бала сіздің сабағыңызды асыға күтеді.

Сіз қай жауапты таңдадыңыз?

@. @assel_assanova