Мектеп туралы қызықты фактілер

Мектеп туралы қызықты фактілер
Фото: tiodisnica1989.xpg.uol.com.br

Әр елдің мектебінде әр тілде білім беру үдерісі жүреді. Сонымен бірге, шетелдің мектептері бір-біріне ұқсамайды, айырмашылығы шаршы мен дөңгелектей. Мектеп туралы қызықты фактілерге қанық болыңыздар.

«Мектеп» термині грек тілінің «сколе» сөзінен шыққан, ана тілімізде «бос уақыт», «демалыс» деген мағынаға ие.

Атақты жазушылар Чарльз Диккенс пен Марк Твен бастауыш сыныпты да толық оқымаған.

Дэвид Бэкхем да футбол үшін мектепті тастап кеткен.

Ұлыбританияда 11-18 жастағы мектеп оқушыларына сленг сөздер қолдануға қатаң тыйым салынған. Тіпті «сәлем», «көріскенше» деген сөздерді де айтуға болмайды. Оның орнына «Сәлеметсіз бе?», «Сау болыңыз!» деп ресми түрде сөйлейді.

Чехия мектептерінде ең жоғары баға «1», ал ең төмен баға «5».

Ең ескі оқу ғимараты – Фес қаласындағы Карауин мұсылман университеті. Ол б.д. 859 жылы құрылған.

Электр шамын ойлап тапқан Томас Эдисон мектепте үш-ақ ай оқыған. Жеті жасында ата-анасына мұғалімінің хатын алып келген. Онда «бала сабақта үнемі «не үшін?» деп сұрай береді, көштен қалып жүреді, ол ақымақ» деп жазылған. Одан соң анасы Томасты үйден оқытуды шешкен.

Ең ұзақ уақытқа созылған білім беру Ұлыбританияда болған. Роберт Кронин есімді адам 52 жыл оқып, мектепті 72 жасында бітірген.

Әлемдегі ең ұзақ сабақ 2003 жылы болған. Австралияда биолог профессор 54 сағат бойы дәріс оқыған.

Оқу жылы әлемнің 43 елінде – 1 қаңтарда, 16 елде – 1 наурызда, 122 елде – 1 қыркүйекте басталады.

Күншығыс елі – Жапонияда сабақты көтеріңкі көңіл-күймен бастау мақсатында білім күнін 1 сәуірге қойған.

Альберт Эйнштейн екімен оқығандықтан, мектеп бітіргеннен кейін университетке түсе алмаған.

@. @assel_assanova