- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Тест: Сізден қандай...
Тест: Сізден қандай мұғалім шығады?
Саналы адамның барлығы 7-8 жасынан, тіпті кейбіреулер 4-5 жасынан бастап мектепке барады. Ес біліп, етек жинағаннан көрген алғашқы маманы – мұғалім болғандықтан, адамдардың 70-80 пайызы мұғалім болсам деген ой бір сәт болса да келеді. Кейбіреулер сол бала қиялдың жетегінде, арманына жетеді. Ал сізден қандай мұғалім шығар екен?
1. Бір кездері мұғалім мамандығын таңдау туралы ойлап көрдіңіз бе?
А. Жоға, жұмыссыз қалатын болсам да, мұғалім болмаймын
В. Негізінен жақсы мамандық, бірақ маған сәйкес келмейді
С. Иә, ол туралы ойым болған
Д. Алда не күтіп тұрғанын кім білсін?!
2. Мұғалім болсаңыз, үздік оқушылармен қалай араласар едіңіз?
А. Оларды ырқына жібермей, көп тапсарма беріп, қинаушы едім
В. Олар ең жоғары құрметке лайық.
С. Көтермелеп, мадақтаушы едім және үлгерімі төмендерге көмектесуін сұрар едім
Д. Үздік болсын, үштікші болсын, бөліп жармай, бәріне бірдей қараушы едім
3. Егер оқытушы болсаңыз, мектепке қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
А. Сабақты мүлдем оқымайтын балаға 0 бағасын қояр едім
В. Оқушылар бір-біріне қамқорлық танытып, мұғалімге аса жоғары құрмет көрсетуді үйрететін пән енгізер ем
С. Сабақты ашық алаңдқайда, таза ауада өткізіп, түрлі ойындар ұйымдастырар едім
Д. Біздің мектептерде өзгертетін нәрсе көп, шын айтам
4. Оқушылар сіздің сабағыңызға келмей, қыдырып жүрсе қайтесіз?
А. Барлығына екі қояр едім
В. Ондай жағдай орын алуы мүмкін емес. Егер болса, келесіде өзім келмей қаламын
С. Директорге шағымданар едім
Д. Үздік оқушылар міндетті түрде менің сабағыма қатысатын болады, ал басқаларының ата-анасымен сөйлесемін
5. Үзіліс кезінде араның ұясындай шулап жатқан сыныпты қалай тыныштандырар едіңіз?
А. Барлығына айқайлап, ұрсар едім
В. Тыныш отыруларын өтініп сұрар едім. Мені тыңдай қояр ма екен?!
С. Мен «тыныш» десем болды, тына қалады
Д. Ешкімнің ойына келмеген бірнәрсе ойлап табар едім, бұл менің қолымнан келеді
6. Оқушылардың сырты келбеті сіз үшін қаншалықты маңызды?
А. Форма сақтамай, пирсинг істеп, макияж жасап келетін оқушылар болса, сазайын тартқызамын
В. Өзім оқушы болғанда мектеп формасын жек көруші едім. Сондықтан еркіндік беремін
С. Егер мектеп тәртібі бойынша, форма сақтау керек болса, қадағалаймын. Заңның алдында бәрі де бірдей
Д. Ненің жақсы, ненің жаман екенін оқушылар өздері біледі
7. Мектепте балалар төбелесіп жатыр деп елестетіңіз. Сіздің әрекетіңіз қандай болады?
А. Ұрсып, жазалайтын едім
В. Оларды ажырату үшін күзетшіні шақырамын. Директорге, ата-аналарына қоңырау шаламын. Оларды ажыратуға шамам жетпейді
С. Білмеймін, мұңайып қаламын. Оларды ажырату керек шығар...
Д. Басқа балалармен бірігіп оларды ажыратып аламыз. Содан соң әр қайсысымен жеке-жеке сөйлесемін
8. Табиғат аясына демалуға шыққанда екі бала жоғалып кетті, телефон қоңырауына жауап бермейді дейік. Мұндай жағдайдан қалай шығасыз?
А. Балалармен бірге іздейміз. Тапқан соң, оңдырмай жазалаймын.
В. Бұл деген сұмдық қой. Өкіріп жылаймын.
С. Сыныптастарымен бірге жүрмегені үшін балаларды айыптаймын, содан соң іздеймін, басқа не істеймін?!
Д. Басқа балалармен бірге жер-көкті іздейміз
9. Сіздің сыныбыңыздағы бір қызды барлығы келеке етіп, үнемі ренжітеді. Балаларға олай істеуге болмайтынын қалай түсіндіресіз?
А. Қудалау туралы фильм көруді ұсынамын. Нәтиже шықпаса, қыздан жеке-жеке кешірім сұратамын
В. Оған менің түк қатысым жоқ, араласпаймын
С. Олардың ата-аналарымен сөйлесу керек деп ойлаймын
Д. Өздеріңді орнына қойып көріңдер деп, бұл адамгершілікке жатпайтынын мысал келтіріп түсіндіремін
Сұрақтарға нұсқада берілгеннен өзге жауап берем десеңіз, пікір жазу өз құзырыңызда. Ал тесттің жауабын мына сілтемеден оқыңыз.
@. @assel_assanova