Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Мектеп формасы: кімге және не үшін қажет?

Мектеп формасы: кімге және не үшін қажет?

Мектеп формасы: кімге және не үшін қажет?

Бүгінгі таңда мектеп формасының рөлі қандай? Оның көмегімен әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешуге бола ма? Немесе бүгінгі күнге кеңес дәуірінен келе жатқан ережелер қаншалықты жарайды? Бұл мәселелерді ұстаздар мен мұғалімдердің, оқушылардың көзқарасы тарапынан шешуге тырысайық.

Осыдан біраз жыл бұрын мектеп формасы ұғымы пайда болып, еліміздің түкпірлерінде бірдей форма кие бастады. Ал 90 жылдары ата-аналары мен балалары мектеп формасын өздері таңдайтын. Бастысы ақ кеудеше мен қара белдемше болса болғаны. Мұны әркім түрліше қабылдады. Есесіне оқушылар әлеуметтік дәрежесін пайдаланып, қымбат бағалы киімдер кие бастады.  

Әлеуметтік теңсіздік

Мектепке балаларының қандай киімде баратынын ата-аналары шешеді. Алайда ерекше талғам барлығында бола бермейді. Біреулері "келесі жылы да киесің" деп үлкен көлемдегі киімдерді сатып алса, екіншілері дәл сол уақыттағы сәнге сәйкесін таңдайды. Ал бірыңғай форма әлеуметтік теңсіздікті жасыруға септігін тигізеді. Оны кию арқылы жарлы отбасыдан шыққан балалар қалталы азаматтардың баласымен тең дәрежеде сөйлесе алады. Әрине, сөйлесуге тыйым салады деген ұғым жоқ, мұның барлығы психология деңгейінде қарастырылатын мәселелер.

Тәртіп

Мұнымен қатар, классикалық үлгідегі киімдер психологиялық деңгейде тәртіпке шақырып, үлкен өмірге дайындайды. Бұл мектеп формасының жақсы жағы. Жастар еліктегіш келетіндіктен, стильдерін атақты адамдарға ұқсатқысы келеді. Ал мектеп формасы өз кезегінде бұндай фанатизмнен сақтандырады әрі ата-аналардың қалтасындағы ақшаны үнемдейді.

Қол жетімділік

Мектеп формасының тағы бір пайдасы – қол жетімділігінде. Оларды «Abdi» секілді дүкендерден де, көше базарларынан да сатып алуға болады.

Кемшіліктері

Кейбір оқушылар бірыңғай болуға үйреніп қалғандықтан, өздерін көрсете алмайтын қасиетке ие болады. Сәнқой оқушылардың айтуынша, ол барлығына бірдей жараса бермейді. Ендігі мектеп формасының қалай өзгеретіндігі уақыттың еншісінде. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: almaty.vssdelki.kz

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2013, 19:23
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2013, 20:43

Бәрінде бірдей форма ,бір біріне еліктемес үшін

+0
20 желтоқсан 2013, 01:40

Басты суретте тұрған қызды-ай. Әлдәу-әлдәу))

+0
20 желтоқсан 2013, 10:01

Меніңше форма киген күшті ғой, бәрі бірдей

+0
20 желтоқсан 2013, 18:46

фартугымды, бантиктерімді катты сагындым(((

+0
21 желтоқсан 2013, 13:31

Мектеп формасын киген дұрыс. Сонда ешкім қымсынбай, бәрімен тең дәрежеде сөйлесетін болады. Біз де мектепте форма кидәк. Форма болған жерде - мәдениет, тәртіп болады. Жалпы, мектеп формасы деген өте дұрыс нәрсе ғой!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.