Ең ақылды оқушылар қай мемлекетте өмір сүреді?

Ғалымдар оқушылары үшін үкіметі көп қаржы бөлетін, ең ақылды оқушылары бар мемлекет қайсысы екенін анықтады. Мұнымен қатар, білімнің жалақыға қаншалықты әсер ететінін де қарастырды. Мысалы, көршілес Ресей халқы бір оқушыға шамамен 40 мың АҚШ долларын жұмсайды.

Ең ақылды оқушылар Финляндия, Корея, Нидерланд мемлекеттерінде өмір сүреді екен. Ғалымдар мұны әр мемлекеттің 15 жасар балалаларының арасында математика пәнінен тестілеу жұмысын жүргізу арқылы анықтаған. Олар жүргізен зерттеу нәтижесінде осы елдердің оқушылары ең жоғарғы көрсеткішке ие болған.

Аустралия, Бельгия, Канада, Чехия, Дания, Франция, Исландия, Жапония, Жаңа Зеландия, Швеция және Швейцария өзге мемлекеттерге қарағанда жоғары балл, ал Аустрия, Германия және Словакия оқушылары орташа балл жинаған. Қалған 11 мемлекет оқушылары орташадан төмен балл алған.

Мұнымен қатар, Еуропа мен АҚШ-ға қарағанда Орта Азия оқушыларының ақылдырақ екенін айта кетуіміз керек. Мысалы, дәл қазір Ауғаныстанда болып жатқан жағдай осыдан екі дәуір бұрын Кореяда болған. Бүгінгі таңда Ауғаныстанда білім сапасы өте төмен.

Осы уақытта Кореяның 25-34 жас аралығындағы азаматтарының 97%-ы толық орта біліммен қамтылған. Бұл - ЭЫДҰ мемлекеттерінің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

1995-2004 жылдар аралығында Қытай мен Малайзиядағы студенттер саны екі есе артқан. Ал Тайландта 83%-ға, Үндістанда 51%-ға дейін өскен.

ЭЫДҰ мемлекеттерінің ішінде ересек адамдардың тек 42%-ы ғана жоғары білім алған. Шамамен 30% ересек адамдар бастауыш немесе орта білім алса, қалған 25%-ы жоғары біліммен қамтылған.

Азия мектептерінде бір сыныпта 30-дан астам оқушы отыруы мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Кореяда - 37, Жапонияда - 35, Бразилияда - 33, Израилде - 32, Исландия, Дания, Люксембург, Ресей және Швейцарияда - 19. Ал қалған мемлекеттерде бұл көрсеткіш тек 24-ке дейін жетеді.

Алайда оқушылардың аздығы мен білім сапасын шатастырмауымыз керек. Мысалы, Люксембургте оқушылардың тек 2,7%-ы ғана математика тестінен жоғары нәтиже көрсеткен. Ал Жапонияда 8,2% оқушы ғана осындай көрсеткішке ие болған. 

Жалғасы бар

Сурет: Досжан Балабекұлы

Оқи отырыңыз:

Үздік оқушының 9 қасиеті
Ата-аналар мен балалардың ҰБТ туралы пікірі қандай?
Біріккен Араб Әмірлігінің білім беру жүйесі қандай?
Алтыннан ардақты анама алғысым шексіз