Ата-аналар мен балалардың ҰБТ туралы пікірі қандай?

Ата-аналар мен балалардың ҰБТ туралы пікірі қандай?

Мамыр айы - біреулер үшін қарқынды дайындық уақыты болса, енді біреулер үшін жүрегі тас төбесіне шығып, күйзеліске тап болатын кез. Көп оқушы ҰБТ-ны өмірдің соңы деп түсінеді. Ал өзімізді осы ситуациядан қалай алып шығуға болады? Кезекті материалымызда соны қарастырып көрейік.

Жасөспірімге әрекетін түсініп, бағдарлама ұйымдастыруға көметескеніміз жөн. Оны еш уақытта қыстауға болмайтындығын ұмытпаңыз. Бұл оның өз таңдауы болуы тиіс. Сол кезде сіз одан нәтижені талап ете аласыз.

Қарым-қатынасты дұрыс құру. Сіз ҰБТ жүйесін расымен де мақтайтын адамдарды көрдіңіз бе? Өкіншке орай, мұны ұстаздар да, ата-аналар да, балалар да құп көрмейді. Бұл әрекетімізді біздің ділдігімізбен түсіндіруге болады. Олар келесідегідей пікір білдіреді: "ҰБТ адамның тұлғалық қасиеттерін жасырып, шығармашылығының көрініс табуына кедергі жасайды. Сіз 100 жерден талантты болсаңыз да, оны ҰБТ кезінде көрсете алмайсыз. Батыстықтар мұндай жүйеге үйренген. Ал біздің Шығыстың жағдайы, менталитеті, ойлау қабілеті олардан әлдеқайда өзгеше. Оны да ескеруіміз керек қой".

Мұның салдары қандай болмақ? Ата-аналар ҰБТ-ны баланың білімін объективті бағаламайды деп айыптап отыр. Бала да өз кезегінде әке-шешесінің сөзіне еріп, нәтижесінде ҰБТ-ны қас дұшпанындай көреді.

Өзгелер секілді менің қолымнан көшіру келе ме? Қажет ақпаратты қайдан аламын? Шпаргалканы аудиторияға қалай алып кіремін? Әлемде бұдан өзге қандай тәсілдер қолданып жүр екен? Оқушы осы секілді сауалдардың жауабын іздеп жүрген кезде, дайындық уақытты өз мәресіне жетеді.

Не істейміз? Баланың білімге деген қызығушылығын қалай арттыруға болады? Біле білсеңіз, оны күштеп көндіру мүмкін емес. Тек мотивация беруге болады. Алайда бұл қиын жұмыс көптің қолынан келе бермейді. Мысалы, Қанағатқа білімнің маңыздылығын түсіндіріп берсеңіз де, ол сыныптастарымен доп қуалауды жөн көруі мүмкін. Сөйтіп сіздің бар еңбегіңіз зая кетеді. Менің ойымша, осындай сәтте ҰБТ-ның әдеттегідей сынақтардың бірі екенін танытатындай атмосфера қалыптастыруға болады. Бұл ата-аналардың қолынан келеді. Мектеп жиналыстарында ҰБТ-ның қалай қиын болатындығы емес, оны қалай өткеруге болатындығы тұрақты түрде талқыланса игі болар еді. Мысалы, сынама тестілеуден жоғары балл жинаған сыныпты пейнтбол ойнауға жіберуге болады. Осылайша балалар барлығының әділетті өтуін өздері қадағалайтын болады. Яғни шпаргалканы пайдаланбауды жөн көреді. Бұдан өзге екі сынып арасында футбол жарыстарын өткізудің де пайдасы бар.

Ал Сіздің ҰБТ туралы пікіріңіз қандай?

Сурет: kazakhstanzaman.kz

Оқи отырыңыз:

Оқушы қиындықтарды өзі ойлап табады 
Ұстаздардың көңілінен қалай шығуға болады?
Мұғалім мамандығы туралы шығарма
Достық туралы ойлар

Қ. Бүйенбай