НЗМ: «Вookсrossing» үрдісі

НЗМ: «Вookсrossing» үрдісі
Фото: НИШ Атырау

2010 жылдан бері өз жалғасын тауып келе жатқан «Вookсrossing» үрдісі  – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі шарасы. Алғаш рет  бұл шара Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектібінде өткізілді.

«Вookсrossing» деген не?
Вookсrossing – кітап айналымы. Флешмоб секілді жүзеге асатын қоғамдық қозғалыс. «Вookсrossing уақыт пен кеңістік шекараларына нүкте қоятын оқырмандар клубы. Бұл – адамдардың еркін жиыны, кітаптардың саяхаты», – деп сипаттайды ресми буккросерлер.

Бұл шараның қандай пайдасы бар?
Өнерге, соның ішінде, мәдениет пен шығармашылыққа қосатын үлесі зор. Адамдар кітапқа ақша құртпай, кітапты алмаса оқи алады. Тіпті, өздерін романтик санайтын адамдар келесі оқырманға арнап хат жазылған парақты салып қояды. Бұл үрдіс Батыс мәдениетінде кеңінен тараған. Дегенмен, соңғы уақытта бұл әлеуметтік шара біздің елімізде де танымалдылыққа ие.

Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «bookсrossing» қалай өтеді?
Бұл шара Зияткерлік мектептер мен ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептер арасында жүзега асады. Зияткерлік мектептің оқушылары, қызметкерлері  әдеби кітаптар, оқулықтар, сөздіктермен бөліседі.

Басты ұстанымы: «Біреуін алып, екеуін қайтар». Бұл идеяның негізі бойынша оқушылар бұл шара кезінде өзін қызықтырған кітапты алып, орнына екі кітап қалдыруы тиіс. Кітап саяхаттайтын аялдама (кітап сөресі) босамайынша, бұл үрдіс жалғаса бермек.

Назарбаев Зияткерлік мектептірінің арасында ұйымдастырылған ең ауқымды Вookсrossing 2012 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш Елбасы күніне орай өткізілген еді. Оқушылар ауылдық аймақтарды аралап жүріп, түрлі кітаптар, энциклопедия анықтамалықтарды, көркем әдеби шығармаларды сыйға тартты.

Бұл шара НЗМ тек оқушының біліміне ғана емес, оның рухани бағытта жетілуіне  атсалып жатырғанын дәлелдейді. Сонымен қатар, бұл шарадан бөлек, зияткерлік мектептің оқушылары қоңырау уақытында кітап оқуға арнайтын белгілі бір күн бар. Мысалы, аптасына бір рет сәрсенбі күні ұзақ қоңырау кезінде оқушылар дене жаттығуымен емес, ми жаттығуымен айналасады. Тек оқушылар емес, бұл шара мектеп қызметкерлері, мұғалімдердің арасында да жоғары сұранысқа ие.

Кітап – рухани азық. Кітап оқи алу және оқыта білу – бала тәрбиесіндегі маңызды бөліктердің бірі. Қолына кітап ұстамайтын адамнан жақсы басшы да, жақсы маман да шықпайды. Өйткені, біз бен сіз көрмеген өмірлік сабақтарды тек кітаптан аламыз.

Сіз бұл жобаны қаншалықты дұрыс деп есептейсіз?

Т. Есқали