НЗМ: Қандай бағалау жүйесі бар?

НЗМ: Қандай бағалау жүйесі бар?
Фото: НИШ Атырау

Назарбаев Зияткерлік мектебінің бағалау жүйесі – критериялық бағалау. Оның өзі екіге жіктеледі: формативті және суммативті.

Суммативті бағалау – баланың оқу үлгерімін біліп, оның қай тұста қателік жіберіп немесе белгілі Бір пән бойынша қабылдау қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін қорытынды бағалау жұмыстары.

Суммативті бағалаудың басты қағидалары: дәйектілік және деректілік

Дәйектілік оқушының оқу үлгерімі туралы жеткілікті және жан-жақты ақпарат беруді талап етсе, деректілік бағалауға тұратын барлық қағиданы толыққанды ұстануды қажет етеді.  

Бағалаудың дәйектілігі бағалау барысында туындауы мүмкін мәселелердің алдын алады.

Сапалы суммативті бағалаудың мынандай артықшылықтары бар:
• Оқушының өз оқу үлгеріміне бақылау жұмстарын жүргізу;
• Мұғалімнің бағалау барысында түрлі әдісті қолдану мүмкіндігі;
• Мұғалімдерге әрбір оқушымен жұмыс жасау мүмкіндігінің туындауы;
• Мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың түзілуі;

Деректілікті арттыру үшін балаға ұсыналатын тест тапсырмаларының сапасына мән берген дұрыс.

Т. Есқали