Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Оқушы қиындықтарды өзі ойлап табады

Оқушы қиындықтарды өзі ойлап табады

Оқушы қиындықтарды өзі ойлап табады

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, орташа есеппен әрбір қазақстандық оқушы таңертең «А-а-а-а. Мектепке барғым келмейді. Сабағы қашан бітеді осы» деген сөздермен оянып, кешкісін «Түүүүф, демалысқа әлі 2 күн бар» деген сөздермен ұйықтайды екен. Әрине, мектеп ауылда ата-әжеміздің қойнында маужырап жатқыза қоятын саяжай емес, десе де оны ұнатпаған жағдайда не істеуге болатындығын да ойлап көруге болады. Көп қиындықты өзіміз ойдан шығарып аламыз. Егер оны өзіміз шығаратын болсақ, өзіміз жоғалта да аламыз емес пе? Сонда сабақ бізді қинамайтындай жағдайға қалай қол жеткізуге болады?

1. Жақсылық туралы ғана ойлаңыз. Яғни алгебра сынды қиын сабақтарда басымыздың қатып отырғанын емес, жан құрбымызбен хат жазысқанымызды, үзілісте достарымызбен қызықты әңгіме айтқанымызды елестетуге болады. Әсіресе бойында өзіне деген сенімділігі жоқ адамдарға позитивті ойлардың көмегі мол.

2. Күніңізді жоспарлаңыз. Жо-жоқ! Сәл кідіріңіз. Күнді жоспарлау деген қалың дәптер алып ішіне барлығын минутына дейін есептеп жазу емес. Бар болғаны үй тапсырмасына және демалысқа, әлеуметтік желілерге кіріп шығуға қанша уақыт кететінін есептеу.

3. Ерте жатып ұйықтауды үйреніңіз. Сабақ үстінде ұстазға ұйқым келіп отыр деп шағым айтсақ та, оған өзіміз кінәлі екенімізді еш уақытта мойындамаймыз. Ереже өте қарапайым. Көбірек ұйықтағыңыз келе ме, ерте жатыңыз. Бұған кейде көп мөлшерде берілетін үй тапсырмасы да мүмкіндік бермейді. Бір күні барлық істі кейінге ысырып, ерте ұйықтап көріңіз. Нәтижесін байқайсыз.  

4. Ұстаздар дұшпанымыз емес. Олар да адам. Ия-ия, рас айтамын! Және олардың көпшілігі жақсы адам. Ал егер әр кез оларға күдікпен қарап, қазір ұрсады деп ойлай беретін болсаңыз, олар да өз кезегінде лайық жауап қайтарады.

5. Еш уақытта істі кейінге қалдырмаңыз. Егер «Шығарманы ертең жазамын. Жоқ арғы күні жазамын. Жұма үлгеремін. Сабақ үстінде жаза саламын» десеңіз, жұмысыңыз көбейіп кетеді. Артынша осы жалқаулығыңызға лайық журналдағы бір «аққуға» ие боласыз. Істі осылайша кейінге қалдыра беретін болсаңыз, тоқсанның соңында ұстазға баға сұрап жалынумен жүресіз. Соңғысы әрі ең бастысы:

6. Демалыңыз! Сабақты ұшы жоқ6 қиыры жоқ жүгіру алаңына айналдыру қажет емес. Егер тәулік бойы ұрысқақ апайлар мен қиын бақылау жұмысы туралы ойлай беретін болсаңыз, өмір сүргіңіз келмей кетер. Бос уақытыңызда қалаған ісіңізбен айналысыңыз. 

Сурет: ortcom.kz

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 03 қараша 2014, 21:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.