ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырғыңыз келсе

ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырғыңыз келсе

Бар жауапкершілік ҰБТ-ға дайындық кезінде түлектің мойнына артылып, тестіге дайындалатын уақыт аралығы эмоциялық қиындықтармен байланысты болады. Дайындығы жақсы түлек қана ҰБТ-дан жоғары нәтижеге қол жеткізе алады.

Жоғарыда айтқанымыздай жауапкершілік түлектің мойнында болғанымен, оқушының ата-анасы жақсы нәтиже көрсетуіне әсер ете алады. Төмендегі кеңестер әр оқушыға арналған. Мұнымен қатар, оларды түлектің ата-аналары да ескерген жөн.

♦ Ғалымдар ақыл-ой еңбегі физикалық жаттығуларға қарағанда көп энергияны шығындайтындығын дәлелдеген. Сондықтан ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушы әрдайым тоқ жүргені абзал. Бұдан өзге калориясы көп тағамдарды аз-аздан күніне 4-5 рет жеу арқылы күш-қуатын қалпына келтіріп отырады. Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіретін жандар жеміс-жидек, көкөніс, бал, ет, балық сынды тағамдарды тұтынғаны жөн.

♦ Ата-аналар болашақ өмірге қадам басқалы отырған балаларына ыңғайлылықты қамтамасыз етіп, табысқа жетуіне септігін тигізе алады. Ол үшін үйдегі тыныштықты қамтамасыз етіп, жұмыс үстелін дұрыс безендірулері керек. Кейбір мамандар осылайша бала психологиясына әсер етуге болатындығын айтады.

Кейбір оқушы дайындыққа қатты кірісіп, қатарластарынан қалып қояды. Көңіл күйлері осылайша бұзылады. Ата-аналар мұндайда не істей алады?

♦ Тәуліктің 24 сағатын дайындыққа арнау – қате. Сондықтан ақыл-ой мен дене еңбегін алмастырып, оқушыларға таза ауада жүруге, көзді демалдыруға мүмкіндік беру керек. Ең бастысы - дайындық барасында дұрыс ұйықтау тәртібін қалыптастыру.

♦ Ата-ана ҰБТ тапсыратын баласы үшін алаңдаған сайын жағымсыз көңіл күйлері баласына жұғады. Егер ата-ана күйзеліске төтеп бере алса, бала да өз кезегінде жігерлене түседі. Мұнымен қатар, шынайы жанашырлық танытқан абзал.

Құрметті оқырман, өз күшіңізге сеніп, ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырасыз деген ниеттеміз. Іске сәт!

Оқи отырыңыз:

Елімізде әлемдік стандартқа сай білім беретін 5 мектеп бар

Өзге елдердің мектеп формасы және оның тарихы

Сабақты жаттап айту - зиян

Оқу жылын сәтті аяқтағысы келетіндер үшін

Сізді мектеп оқушылары мазақтаса, не істейсіз?

Оқушы қыздар несімен сұлу?

Сурет: voxpopuli.kz 

Қ. Бүйенбай