Елімізде әлемдік стандартқа сай білім беретін 5 мектеп бар

Елімізде әлемдік стандартқа сай білім беретін 5 мектеп бар

Халықаралық деңгейдегі мектептер балаларды Батыс білім беру жүйесіне жастайынан үйретуге септігін тигізеді. Қазақстанда дәл осындай 5 мектеп бар. Олар – Almaty International School (AIS), Haileybury, Kazakhstan International School (KIS), Мирас, Халықаралық Алматы мектептері.

Almaty International School Алматы, Астана, Ақтау, Атырау қалаларында бар. Мектеп 1993 жылы салынған. Әлемдегі ағылшын тілінде оқытатын 25 мемлекеттегі 36 мектептің бірі.

“Haileybury Almaty” мен “Haileybury Astana” - 2008 және 2011 жылдары Haileybury Ұлыбритания мектебімен серіктестіктің нәтижесінде ашылған, британдық бағдарлама негізінде оқытатын мектептер. 5-18 жас аралығындағы оқушыларды қабылдайды. Мектеп 13 жылдық білімге негізделген.

Kazakhstan International School 1999 жылы құрылған. Құрамында 500 мектеп пен 400 колледж бар Халықаралық Мектептер Кеңесінің қатарына кіреді. Әлемдегі 100 мектептің бірі. Бұл жерде балалар балабақшадан бастап 13 жасқа дейін оқиды.

«Мирас» және Халықаралық Алматы мектептері 1999-2000 жж. «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қорының» негізінде салынған. Қазақстандық стандарттарға сәйкес орта білім мемлекет аралық бакалавриат бағдарламасымен толыққан. «Мирас» мектебінде 3-18 жас аралығындағы оқушылар оқиды. Дәстүрлі 11 сыныптық білім береді.

Білім беру жүйесі

Халықаралық бакалавриат баланың тек білімді болуына ғана емес, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді.

International Baccalaureate Primary Years Programme (IBPYP) – 3-12 жас аралығындағы балаларға арналған халықаралық бастауыш мектеп жүйесі. Аталған жүйе Almaty International School (AIS), Haileybury, Kazakhstan International School (KIS), «Мирас» және Халықаралық Алматы мектептерінде жүзеге асады.

Келесі 12-16 жас аралығындағы оқушыларды оқытатын баспалдақ «IB MYP Middle Years Programme» деп аталады. Мысалы, Haileyburу мектебінде оқушылар British GCSEs (жалпы білім беру туралы британдық аттестат), IGCSEs (жалпы білім беру туралы халықаралық аттестат) сынды тестілер тапсырады.

16-18 жастан кейін әлемнің ең үздік университеттеріне мүмкіндік беретін IB DP – Diploma Programme дипломдық бағдарлама бар.

Ал Almaty International School (AIS), Haileybury және Kazakhstan International School (KIS) мектептерінде толықтай дерлік ағылшын тілінде оқытады. Мұнымен қатар Haileybury мектебінде қазақ және орыс тілдерін оқытады.

Алматы Халықаралық мектебінде қазақ, орыс, ағылшын тілімен қатар француз тіліндегі сабақтар жүреді. Ал «Мирас» үш тілді мектептердің қатарында. Бастауыш сыныптарда оқудың 50%-ы ағылшын тілінде жүреді.

Сурет: foundation.kz

Қ. Бүйенбай