Мектепті бітірген соң Францияда білім алғыңыз келе ме?

Мектепті бітірген соң Францияда білім алғыңыз келе ме?

Жақын күндердің бірінде Франция ЖОО-ларының қазақстандық студенттерді қабылдайтындығы анықталды. Мұны Білім және ғылым министрлігінің Стратегия департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлімдеді. Бұл қазақстандық оқушылар мен студенттерді таңқалдырған жалғыз жаңалық емес. Бұған дейін қазақстандық ЖОО-лардың жекешелендірілетіндігі туралы айтылған болатын.

Отандық мектептер беретін аттестаттармен Франция ЖОО-ларына қабылдай ма?

Ақерке Абылайханның айтуынша, біздің елімізде білім алуға мүмкіндік беретін аттестаты бар оқушылар оқуын Францияда жалғастыра алады. Бұрын-соңды оқушылар Франция ЖОО-ларына тапсыру үшін арнайы қосымша дайындық курсынан өтуге міндетті болатын. Енді бұл еуропалық мемлекеттің ЖОО-ларына 11 жылдық аттестатты ұсыну жеткілікті.

Аталған мәселе өткен жылдың желтоқсан айында болған Қазақстан мен Франция ЖОО-ларының өкілдері қатысқан форумда талқыланып, екі ел арасында келісім-шартқа қол қойылған еді. Мұндай келісімнен кейін екі елдің арасындағы достық қарым-қатынас жақсара түскендей. Енді Қазақстан мен Франция бір-бірінің студенттерінің дипломы мен білім дәрежесін мойындайды.

Келісім-шарт студенттерге сапалы білім беру мәселесінде айтарлықтай рөл атқарады. Оған сәйкес еліміздің студенттері Францияда мамандығына сәйкес қызметке орналасып, тәжірибеден өте алады.

Ақерке Абылайхан студенттермен алмасу бағдарламасының осы елде де жалғасын табатындығын айтады.

Оқи отырыңыз:

ҰБТ-ға қалай дайындаламыз?

Мамандықты қалай таңдау керек?

Біздің болашағымыз неге тікелей оқумен байланысты?

Сіз қандай оқушысыз?

Сіздің де лақап атыңыз бар ма?

Сыныптастарыңызбен не себепті сыйыңыз жараспайды?

Дереккөзі:megamozg.kz

Сурет: voxpopuli.kz

Қ. Бүйенбай