ҰБТ-ға қалай дайындаламыз?

ҰБТ-ға қалай дайындаламыз?

Ең бастысы - болашақ мамандығымызды дұрыс таңдау. Әрине, әлі қызмет жасап көрмегендіктен, қай салаға баратыныңызды бірден анықтай алмайсыз. Сондықтан түйсігіңізге сеніп, бойыңыздағы ерекше қабілеттеріңізді ескеруді ұмытпаңыз.

♦ Артынша таңдаған мамандығыңызды қай ЖОО-ларда оқытатындығын анықтаңыз.

 Кейін ҰБТ-да тапсыратын пәндер тізімін жазыңыз. Әдетте қазақ тілі, орыс тілі, математика, тарих және таңдаған пән бойынша тест тапсырасыз.

 Интернеттен өзіңіз таңдаған мамандыққа түсу үшін өту балы қанша болу керектігін анықтаңыз. Жыл сайын мұндай мәліметтер білім сайттарында жарияланады. Және әрдайым өзгеріп тұрады.

 Қазіргі және ескі жыл кітапшаларын жинастырыңыз. Күнделікті 2-3 тест орындауды ұмытпаңыз. Артынша орташа нәтижеңізді шығарыңыз. Өз деңгейіңізді осылайша бақылап отырасыз.

 Балыңыз бен біліміңізге сәйкес күн тәртібін жасаңыз. Әр пәнге түрлі уақыт кететінін ескеріңіз.

 ҰБТ-ға дайындалу үшін ШЫҢ кітаптарының пайдасы мол. Тақырыптық курстан кейін тест тапсырмалары беріледі. Әдетте 860-990 теңге тұрады. Алайда оларды да сіз бен біз секілді адамдар құрастыратынын ұмытпаңыз. Хан қызынан да қателік кетуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Болашақ мамандығымызды бірге таңдайық

Екі аптаға созылған оқушылар байқауы

Есте сақтау қабілетіңізді жақсартқыңыз келсе

Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?

Оқушы қыздар қандай қателік жібереді?

 Сурет: voxpopuli.kz 

Қ. Бүйенбай