Мектептер қандай болуы мүмкін?

Мектептер қандай болуы мүмкін?
Фото: НИШ Атырау

1. Шет тілін тереңдетіп оқытатын.  Тілдер (нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі) сән-салтанаттан қажеттілікке айналғалы қашан. Осыған орай көптеген мектептер  біраздан бері бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқытуға көшкен.

2.Физика-математикалық. Математикалық, физика-математикалық немесе химия-биология бағытындағы мектептерге нақты және шынайы ғылымдарға қабілеті бар оқушыларды, ережеге сай жоғарғы сыныпта ауыстырады.

3. Гуманитарлық. Гуманитарлық бағыт бірнеше жыл бұрын сәнге айналған. Ондай мектептерде өсіп келе жатқан жас буынды логикаға, риторикаға, шығармашылық мәдениетке, құқықтануға және т.б. үйретеді. Алайда, гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерді таңдағанда абай болу керек: олар гуманитарлық емес пәндерге бейімдеп, ең басты пәндер (әдебиет, тарих, тіл) назардан тыс қалып қояды.

4. Мамандануы сирек мектептер. Бұл жерде оқушыны ЖОО-ның белгілі бір мамандығына түсуге бағытталған, сондай-ақ бітірушіні мектепті бітіре сала жұмысқа тұрғызуға бағытталған оқу орны туралы айтылып отыр.  Мұндай мектептер мен лицейлердің бағдарламаларына таңдап алған бағытқа байланысты бухгалтерлік есепті, экономиканы, құқықтануды, программалау тілдерін және т.б. оқыту кіреді. Бұл мектептерге көп жағдайда қабілеті нақты түрде болашақ мамандығын меңзеп тұрған балалар барады. Мұнда енді сіздің тұрғылықты жеріңізге көп нәрсе байланысты. Өйткені, мұндай мектептер барлық қалаларда бола бермейді. Ал егер бар болған жағдайда да, сіздің балаңыз үшін дәл осы мамандық керек деп ешкім кесіп айта алмайды.

5. Көркемдік-эстетикалық. Бұл мектептердің ішінде ең танымалы – балалар күнделікті сабағынан кейін баратын музыкалық білім беру мекемесін айтуға болады. Алайда арнайы маманданған пәндермен қатар жалпыға білім беру пәндерін жүргізетіндер де бар.

Көркем және би мектептерінде де бірінші сыныптан бастап кешенді түрде қосымша оқитындар бар, алайда мұнда жоғарғы сынып оқушыларына да есік ашық. Мұндай арнайы маманданған мектептерде күні бойы оқи отырып, балалар  жоғары оқу орнына түсіп, өзінің болашақ өмірін де осы мамандықпен жалғастырады.

Естеріңізде болсын, мектепті таңдау – бұл өте жауапкершілікті және маңызды шара. Мектеп – баланың тұлға болып қалыптасуына өте қатты әсер ететін  өміріндегі ең алғашқы әлеуметтік институт. Баланың ақыл-санасының дамуы қарқыны мен сапасы, оның болашақта кәсіби алға жылжуы, сондай-ақ, оның психологиялық, физиологиялық денсаулығы дұрыс жасалған таңдауға тікелей байланысты.

Дереккөз: imurat.kz

Т. Есқали