"Үшінші күні тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады". Қыран Талапбектің әйелі қалай танысқандарын айтты

Блогер Гүлзада Тұрлаш танымал мобилограф Қыран Талапбекпен қалай танысқандарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлзаданың сөзінше, бәрі достықтан басталған.

"Кездейсоқ танысып қалдық, бірақ ұзақ уақыт бойы жақсы достар болдық. Бәрі түсірілімнен басталды. Ол мені мейрамханада анаммен кешкі ас ішіп отырғанда көрген, мейрамхананың қосымшасы арқылы номерімді тапқан. Оның мақсатын сұраған кезде түсірілімге шақырғысы келгенін, сырт келбетім ұнағанын айтты. Біз араласып жүрдік, ол мені түсірілімге шақырды. Мен қарсы болмадым", - дейді ол.

Gulzada_tl/Instagram.com

Ал уақыт өте келе олар жиі кездесіп қала берген. Бұл олардың әрі қарай жақын араласуына әсер еткен.

"Кейін араласпай қалдық. Бірақ бір-бірімізді қалада кездейсоқ көріп қала бердік. Ол сияқты ешкімді жиі кездестірмеген шығармын. Бір күні ол маған жазып, тағы бір түсірілімге шақырды. ...Біз дүниедегі бар нәрсені әңгімелейтінбіз, бірге қызық уақыт өткізетінбіз. Ол үшінші күні тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Қатты таңғалдым", - дейді Гүлзада.

Gulzada_tl/Instagram.com

Айта кетейік, бұған дейін Қыран Талапбек жаңа сүйіктісімен көзге түсті. Қыран Талапбек Instagram Stories-ке жаттығу залындағы видеосын жариялаған. Дәл осы уақытта актриса Гүлзада Тұрлаштың да осы залда жүргенін байқауға болады. Тіпті актриса "енді жаттығу залында кездесеміз" деп жазба қалдырып, кездесудің қыз бен жігіт арасында екенін байқатқан.

"Депутаттың қызы". Мобилограф Қыран Талапбектің сүйіктісі туралы не белгілі?

Кейінірек Қыран Талапбектің жаңа сүйіктісі бұрынғы күйеуімен неге ажырасқанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін танымал мобилограф Қыран Талапбек екінші рет шаңырақ көтергені хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!