- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Төрт айдай күйзелісте...
"Төрт айдай күйзелісте болды". Индира Елемес марқұм Арман Дүйсенов туралы естелігін бөлісті
Әнші Индира Елемес жақында дүниеден өткен композитор Арман Дүйсеновтің ұзақ уақыт бойы күйзелісте болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Алматы" телеарнасының "Шешімі бар" бағдарламасында бөлісті.
"Арман ағатай өмірден сейсенбіде өтті ғой. Біз дүйсенбіде кешке бетпе-бет сөйлестік. Ұзақ әңгіме болды, қуанышты болдым. Ол бейсенбіде жұмыс бабымен және денсаулығына байланысты қаралу үшін Стамбұлға ұшуы керек еді. Жаңа жылда ол отбасымен болды. "Ол кез (жаңа жыл - еск.) өмірімдегі ең қуанышты, бақытты сәт болды, қарындас. Абзалтайымның мені мыжғылағанын көрсең ғой. Мен бұл өмірде арманыма жеттім деп ойлаймын. Абылайымды (Арман Дүйсеновтің ұлы - еск.) мықты тәрбиелеппін. Ол қазір менің орнымды басуға әбден дайын" деді. "Аға, орнымды басады дегеніңіз не?" деп қалдым. "Жалпы айтып жатқаным ғой" деп махаббатпен, керемет сезіммен жауап қайтарды", - дейді Индира Елемес.
Әншінің айтуынша, Арман Дүйсенов ұзақ уақыт күйзелісте болғанын айтты.
"Ол кісі төрт айдай күйзелісте болды. Дүйсенбіде "Бейсенбіде Стамбұлға кетемін, бәріне көрсетемін" деп еді. Ол түрік тілінде еркін сөйлейтін. 22 наурызда Стамбұлда концертіміз жоспарланған еді. Кейінгі уақытта дос туралы көп өлең шығарды. Бір досына реніші болған сияқты", - дейді әнші композиторды еске алып.
"Тегін бере салатын". Композитор Арман Дүйсеновтің ел есіндегі танымал әндері
Еске салайық, бұған дейін композитор Арман Дүйсенов өмірден өткенін хабарлаған едік. Бұған дейін Ақбота Керімбекова марқұм Арман Дүйсенов туралы естелігін бөлісті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек