Бүгін Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайы бірінші сессиясының ашылуына қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай отырысындағы сөзі сағат 11.00-де тікелей эфирден көрсетіледі.
Құрылтайдың алғашқы депутаттары жиналып жатыр.
Айта кетейік, кеше Құрылтай депутаттарының толық тізімі белгілі болды.
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысты. Құрамы мынадай:
1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді.
25 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша қорытынды нәтижені жариялады. Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауға тиіс болатын.
Құрылтайға бес саяси партия өтті. Мандаттар былай бөлінді:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!