Құрылтай сайлауы: қорытынды нәтиже жарияланды

Құрылтай сайлауы: қорытынды нәтиже жарияланды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша қорытынды нәтижені жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 тамыздағы жағдай бойынша дауыс берудің қорытынды нәтижесі мынадай:

  • "Әділет" партиясы - 71,17 пайыз;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5,11 пайыз;
  • "Байтақ" жасылдар партиясы - 1,07 пайыз;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 3,11 пайыз;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,26 пайыз;
  • "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы - 5,21 пайыз;
  • Respublica партиясы - 5,56 пайыз.
  • Бәріне қарсы - 2,51 пайыз.

Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауға тиіс болатын.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны - 12 623 289 адам. Сайлауға 9 351 539 адам (тізімге енгізілген азаматтардың 73,8 пайызы) қатысқан.

Сурет: ОСК мәліметі

Құрылтай сайлауы

23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.

Сайлауға 7 партия қатысты. Құрамы мынадай:

  • "Ақ жол" демократиялық партиясы - 63 кандидат;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 69 кандидат;
  • "Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) - 186 кандидат;
  • "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы - 47 кандидат;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 72 кандидат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 33 кандидат;
  • Respublica партиясы - 75 кандидат.

1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.

Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget