Құрылтай депутаттарының толық тізімі белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ауыл" партиясы
"Ауыл" партиясы жаңа Парламент - Құрылтайда мандат алатын депутаттар тізімін бекітті. Шешім 26 тамызда партияның саяси кеңесі бюросының отырысында қабылданды. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Құрылтай құрамына мына адамдар кіреді:
- Қайрат Айтуғанов бұған дейін ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары және ҚазАТУ проректоры қызметін атқарған.
- Шахмардан Байманов - "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары және орталық аппарат басшысы. Бұған дейін Жастар және отбасы істері комитетін басқарған, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, кейін өңір әкімінің орынбасары болған.
- Захира Бегалиева инклюзия және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелерімен айналысады. Оның әлеуметтік осал топтардың кәсіби дағдысын дамытуға көмектесетін ITeachMe қорымен байланысы бар. Бұған дейін депутат болмаған.
- Серік Егізбаев - "Ауыл" партиясы төрағасының бірінші орынбасары. Бұған дейін ақпарат вице-министрі, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. 2023-2026 жылдары VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болып, Аграрлық мәселелер комитетін басқарды.
- Мұрат Иргибаев - Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары. 2024-2025 жылдары "Ауыл" партиясы төрағасының кеңесшісі болды. 2025 жылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет атқарады.
- Ажар Қажыбекова - Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. Бұған дейін басқарма басшысының орынбасары болған, 2024 жылдың басында басшының міндетін уақытша атқарған. 2024 жылғы шілдеден бері басқарманы басқарып келеді.
- Владимир Киян - биотехнолог-ғалым және Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары. Ғылыми зерттеулер мен биотехнология саласына маманданған.
- Алмас Мұхаметов - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры.
- Динара Райханова - Қосшы қалалық мәслихатының депутаты және "Ауыл" партиясының мүшесі.
- Рабиға Тоқсейітова - Aitas-KZ АҚ холдинг компаниясының вице-президенті. Бұл қызметті 2012 жылдан бері атқарып келеді.
Tengrinews.kz
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) жаңа Парламент - Құрылтай құрамына кіретін 8 депутатты анықтады:
- Асхат Рахымжанов - партия төрағасы, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, "Социалистік интернационал" халықаралық ұйымының вице-президенті;
- Мақсұт Нәсібулов - ЖСДП орталық аппаратының басшысы;
- Нұрайнаш Қамалова - ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрағасы;
- Лариса Ли - PANA жобасының жетекшісі;
- Аслан Құлмағамбетов - ЖСДП елордалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі талдаушысы;
- Арман Ақылбай - Әділет министрлігі Персоналмен жұмыс департаментінің директоры;
- Наурыз Сайлаубай - ЖСДП жастар қанатының жетекшісі, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
- Ажар Сағандықова - VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, ЖСДП әйелдер қанатының жетекшісі.
Tengrinews.kz
Respublica партиясы
Respublica партиясынан Құрылтайға мына тоғыз депутат кіреді:
- Айдарбек Қожаназаров - Respublica партиясының төрағасы.
- Олжас Құспеков - Respublica партиясы төрағасының орынбасары.
- Махамбет Хасенов - 2012 жылдан бері "Әлмерек мұнай базасы" ЖШС бас директоры.
- Динара Наумова - VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты.
- Екатерина Смолякова - VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты.
- Нұргүл Тау - VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты.
- Бекжан Айтқұлов - Respublica партиясы Түркістан облыстық филиалының басшысы.
- Руслан Ыдырысов - қазақстандық кәсіпкер, Global Foods компаниясының негізін қалаушы және Алматы қаласы VIII шақырылымындағы мәслихат депутаты.
- Мейірхат Қасымбаев - "ҚазАвтоЖол" ҰК басқармасының бұрынғы төрағасы.
respublica-partiyasy.kz
"Ақ жол" партиясы
"Ақ жол" демократиялық партиясынан Құрылтай құрамына мына тұлғалар кіреді:
- Дания Еспаева - партия төрағасы, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
- Дәурен Ахметжаев - партияның Жамбыл облыстық сайлауалды штабының мүшесі;
- Бақтыбек Бибаев - "ТексолТранс" ЖШС-ның Астанадағы өкілдігінің басшысы;
- Асылхан Қожахметов - өңірлік жұмыс жөніндегі саяси кеңестің хатшысы, партия аппаратының басшысы;
- Юрий Ли - "Қазақстанның қаржылық мәдениеті" қоғамдық қорының бас директоры;
- Олжас Нұралдинов - VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
- Мейраш Шынасылова - партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы;
- Ермекқали Юсупов - партияның Атырау облыстық филиалының төрағасы.
akzhol.kz
"Әділет" партиясы
Партияның Саяси кеңесі бюросының отырысында депутаттық мандатқа ие болған 110 кандидаттың тізімі бекітілді.
Депутаттық мандаттар бөлінген кандидаттар тізімі:
1. Авершин Константин Викторович
2. Адаев Ербол Дәненұлы
3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
5. Аймағанова Айжан Талғатқызы
6. Алтай Абай
7. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
8. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы
9. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы
10. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы
11. Амантайұлы Жарқынбек
12. Әбдікешов Алмат
13. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы
14. Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы
15. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы
16. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
17. Бәденова Әсел Жанболатқызы
18. Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы
19. Басин Вадим Борисович
20. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы
21. Башымов Марат Советұлы
22. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы
23. Беркімбаев Берік Серікұлы
24. Больгерт Евгений Андреевич
25. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
26. Байбеков Шалқар Заманбекұлы
27. Бәзенов Айрат Бәзенұлы
28. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы
29. Бақытбекұлы Нұркен
30. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы
31. Годунова Наталья Николаевна
32. Дәдебай Айбек Арқабайұлы
33. Данилов Александр Сергеевич
34. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
35. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы
36. Ділдабек Дидарбек Жұмағалиұлы
37. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
38. Ералиев Бегалы Ералыұлы
39. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы
40. Есімханов Сұңғат Қуатұлы
41. Ескендірова Ақерке Нұрғалиқызы
42. Елеусізова Бота Серікқызы
43. Ералиев Мағжан Абзалұлы
44. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы
45. Жансеңгіров Арман Серікұлы
46. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
47. Жамалов Бауыржан Салдарұлы
48. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы
49. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы
50. Зәкиева Динара Болатқызы
51. Имашева Снежанна Валерьевна
52. Қарабасова Лаура Шапайқызы
53. Қаринова Шолпан Таңатқызы
54. Қайырова Әсел Әнуарқызы
55. Қожаниязов Серік Салауатұлы
56. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы
57. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы
58. Қожаев Марат Шәдетханұлы
59. Қожахметова Ләззат Таймырқызы
60. Кузиева Замира Закировна
61. Кучинская Юлия Владимировна
62. Қамзабекұлы Дихан
63. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы
64. Оспанов Шота Сәбитбекұлы
65. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы
66. Перепечина Ольга Валентиновна
67. Петров Константин Викторович
68. Пономарёв Сергей Михайлович
69. Пулатов Шерзод Аббозович
70. Рамазанова Наталья Сергеевна
71. Рожин Максим Николаевич
72. Рымжанов Мәди Рысбекұлы
73. Савельева Татьяна Михайловна
74. Сайыров Ерлан Бияхметұлы
75. Сарым Айдос Әміроллаұлы
76. Смышляева Екатерина Васильевна
77. Сүгірбай Аят Исатайұлы
78. Сулаймонова Русана Русланқызы
79. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы
80. Сағынов Замир Садықұлы
81. Себасов Марат Бақбергенұлы
82. Семидоцких Елена Александровна
83. Темірбаева Айжан Маратқызы
84. Тен Ирина Сергеевна
85. Тоқтамұрат Армангүл
86. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы
87. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы
88. Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы
89. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы
90. Теренченко Илья Сергеевич
91. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы
92. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы
93. Шапақ Үнзила
94. Шаталов Никита Сергеевич
95. Шибұтов Марат Мақсұмұлы
96. Щербаков Станислав Александрович
97. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы
98. Мұсылманбек Ерқанат
99. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы
100. Медеуова Дана Теміртайқызы
101. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы
102. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы
103. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы
104. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
105. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы
106. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы
107. Халықов Арман Қобыландыұлы
108. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы
109. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы
110. Ысқақова Айжан Амангелдіқызы
Құрылтай сайлауы
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысты. Құрамы мынадай:
- "Ақ жол" демократиялық партиясы - 63 кандидат;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 69 кандидат;
- "Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) - 186 кандидат;
- "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы - 47 кандидат;
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 72 кандидат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 33 кандидат;
- Respublica партиясы - 75 кандидат.
1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.
Құрылтай сайлауының нәтижесі
25 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша қорытынды нәтижені жариялады. Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауға тиіс болатын.
Құрылтайға бес саяси партия өтті. Мандаттар былай бөлінді:
- "Әділет" партиясы - 110 мандат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 8 мандат;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10 мандат;
- "Ақ жол" демократиялық партиясы - 8 мандат;
- Respublica партиясы - 9 мандат.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова