- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ТЖ министрі Шәріпханов...
ТЖ министрі Шәріпханов хостелде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Бүгін Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Алматы хостелінде болған өрт жағдайы туралы" баспасөз-конференциясы өтті. ТЖ министрі Сырым Шәріпханов хостелде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өз атымнан қаза болғандардың туыстарына, ата-аналарына көңіл айтамын", - деді төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.
Конференцияға төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Иран Шаметеков, Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқарма басшысы Бақытжан Наурзбеков, Алмалы ауданы әкімі Жәкібаев Айдар менАлматы қаласы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айбат Мурзамадиев қатысты.
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы әкімі Ерболат Досаев хостелдегі өртке қатысты пікір білдіріп, зардап шеккендердің көбісі Қазақстан азаматтары, бір Өзбекстан азаматы, біреуі РФ-ден екенін, қалғанының құжаттары қаралып жатқанын айтты. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелден шыққан өрттің себептерін анықтау және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Алматы қаласы ТЖД осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық істі тіркеді. Алматы Полиция департаменті өкілдері қаза тапқандар кімдер екенін мәлімдеді. Алматы әкімдігі хостелден шыққан өртке қатысты жаңа дерек айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек