Танымал блогерлер Жанәбіловтер отбасы тағы да жұрт назарына ілікті. Ерболат Жанәбіловтің жұбайы Эльмира Төлегенова күйеуімен арадағы жанжал кезінде киім бөлмесіне тығылып, есікті ішінен іліп алғанын мәлімдеді. Бұл жайтты полиция тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Эльмира Төлегенова күйеуі мен оның отбасына шағымданған видео алдымен блогердің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Онда блогер күйеуі мен оның туыстарынан жасырыну үшін киім бөлмесіне кіріп алғанын айтқан.
"Күйеуім жеке заттарымды, телефондарымды, әлеуметтік желілердегі парақшаларымды тартып алып жатыр. Есікті іліп алып, киім бөлмесінде отырмын, мұнда екінші телефоным бар. Ол туыстарымен, інілерімен бірге осында кірейін деп тұр. Олар мені айтқанына көндірмек болып, әлеуметтік желілерге олардың отбасына қатысты бірдеңе жариялап жібере ме деп қауіптенеді", - деді Эльмира Төлегенова.
Кейінірек видео оның парақшасынан өшірілген. Дегенмен кейбір желі қолданушылары видеоны сақтап үлгеріп, оны өз парақшаларында қайта жариялаған.
Көп ұзамай бұл оқиға жалғасын тапты. Эльмира Төлегенова бірнеше сторис жариялап, жұбайымен ажырасып жатқанын хабарлады.
Ол күйеуі қол көтермегенін мәлімдеп, оқырмандарына барлық мән-жайды кейінірек айтып беруге уәде етті.
Астана ПД мәліметінше, 30 қыркүйекте полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Threads желісінен блогер Э.Т.-ның жұбайы Е.Ж.-мен арадағы жанжалына қатысты үндеуі түсірілген видеоны анықтаған.
"Видеода әйел болған жанжалдың мән-жайын айтып, қолында қызарған жерлерді көрсетеді. Бұл дерек бойынша оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Тексеріс барысында ерлі-зайыпты арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталды", - деді полиция.
Ведомство мәліметінше, әйел арыз жазудан бас тартқан.
"Сонымен қатар Е.Ж.-ға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін әкімшілік материал толтырылды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды", - деді полиция.
Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.
Сонымен қатар, ІІМ өкілдері 28 тамызда блогер пробациялық бақылау талаптарын бұзғанын, сағат 22:00-ден кейін өзі көрсеткен тұрғылықты жерінде болмағанын, бұл материалдар да сотқа берілгенін айтты.
Айта кетейік, танымал блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік" және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша айып тағылды.
2026 жылы 27 сәуірде Астанада блогерлерге сот үкімі шықты:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!