- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талдықорғанда сайлауға қазақы...
Талдықорғанда сайлауға қазақы киініп, түйемен келгендер халықтың көңіл күйін көтерді
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында нөмірі 419 сайлау учаскесінде бірінші болып дауыс беріп, күн мен түн теңеліп келе жатқанын, жұртшылық баққа кенелген халқымыздың Ұлыстың ұлы күнін әспеттеп келген бір топ азаматтар баяндарымен ән шырқап, дауыс беруші халықтың көңіл күйін көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түйе асыраушының бірі 35 жастағы Байзаков Ұлан. Кейінгі 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып, хоббиге айландырған.
Ұланның айтуынша түйені асырау оңай іс емес, ал осындай биік өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет дейді.
Аптаның демалыс күндері орталық саябақтарға шығарып баларды отырғызып қуныш сыйлау ол үшін үлкен бақыт, ал жалға беру себебі Түйенің жем шөбіне дәрі дәрмегіне жұмсайды екен.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.
Соңғы мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 14,21 пайызы дауыс беріп үлгерген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина