- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сайлаушыларға Наурыз көже...
Сайлаушыларға Наурыз көже ұсынылды
Қосшы қаласында Ұлыстың ұлы күніне орай Наурыз көже фестивалі ұйымдастырылды. Елдегі маңызды саяси додаға қатысушы сайлаушыларға Наурыз көже ұсынылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сайлау учаскелерінде Ұлттың ұлық асы - Наурыз көже таңғы 07:00-ден бастап ұйымдастырылып жатыр.
Сайлаушылар Наурыз көжеден дәм татып, өз таңдауларын жасап жатыр.
"Еліміз үшін аса маңызды саяси додада ұлтымыздың ұлық асын қастерлеп ұсынуға Аналар кеңесі өзіміз ақылдасып шешім қабылдадық. Сайлау Наурыз мейрамы қарсаңында өткендік де осы жөн болар деген ой болды. Шамамен 70 литр шамасында Наурыз көже әзірленіп, қаладағы 7 сайлау учаскелерінде сайлаушыларға ұсынып жатырмыз", - дейді Қосшы қалалық аналар кеңесінің төрайымы Шолпан Өтегенова.
Наурыз көже фестивалін естіген басқа да көп балалы аналар да акцияға қатысып көжелерін әкеле бастапты.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.
Соңғы мәліметтер бойынша, сайлауда дауыс бергендер саны 30,65 пайызға жетті.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина