- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сайлауда дауыс бергендер...
Сайлауда дауыс бергендер саны 30,65 пайызға жетті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65 пайыз бюллетеньдер алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша - 33,58 пайыз
2. Ақмола облысы бойынша - 33,63 пайыз
3. Ақтөбе облысы бойынша - 33,18 пайыз
4. Алматы облысы бойынша -34,41 пайыз
5. Атырау облысы бойынша -30,66 пайыз
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша -33,61 пайыз
7. Жамбыл облысы бойынша -35,82 пайыз
8. Жетісу облысы бойынша -33,15 пайыз
9. Қарағанды облысы бойынша -34,19 пайыз
10. Қостанай облысы бойынша -37,39 пайыз
11. Қызылорда облысы бойынша -32,78 пайыз
12. Маңғыстау облысы бойынша -32,43 пайыз
13. Павлодар облысы бойынша -34,26 пайыз
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша -32,81 пайыз
15. Түркістан облысы бойынша -38,29 пайыз
16. Ұлытау облысы бойынша- 34,61 пайыз
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша -34,16 пайыз
18. Астана қаласы бойынша -23,35 пайыз
19. Алматы қаласы бойынша - 11,25 пайыз
20. Шымкент қаласы бойынша -19,63 пайыз
Келесі жедел ақпарат сағат 14.10-да берілетін болады.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина