Ғылым және жоғары білім министрлігі Мәскеуде қанша қазақстандық студент жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ресей Федерациясында "Болашақ" және "500 ғалым" бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.
Соңғы деректер бойынша, кемінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен.
Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады
Соңғы мәліметтер бойынша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 60-қа жеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!