- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өз ұсынысыңды жібер...
Өз ұсынысыңды жібер
Астана қаласы Назарбаев университетінің базасы негізінде құрылған Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы жаңа жобалар өтінімдерін қабылдау рәсімі ашылғанын хабарлайды. Оған осы қоғам мүшелері және өзге де отандастарымыз қатыса алады. Бұл жобалар бекітілген кезеңде 2016 жылы жүзеге асады.
1. Жобаның атауы
Жобаның атауы оның негізгі идеясына сәйкес келуі тиіс. Атауы дәл және сыйымды, ашық болуы қажет. Сонымен қатар, саяси атауын да көрсетуге болады, мысалы (Ұлытау — Қазақ даласының жүрегі, немесе Шоқан Уәлихановтың Керуен жолы бойынша Экспедициясы).
2. Тақырыптық кеңесті ұсынылған ҚҰГҚ-дан немесе өңірлік өкілдіктерден таңдау.
«География, климат» тақырыптық кеңесі
«География, климат» тақырыптық кеңесі география ғылымын танымал ету және Қазақстанда оның дамуының теориялық және әдістемелік негіздерін жасау мақсатында құрылған.
«Қоршаған орта, табиғи ресурстар» тақырыптық кеңесі
«Қоршаған орта, табиғи ресурстар» тақырыптық кеңесі қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау саласындағы жобаларды іске асыру және білімдер мен әрекеттерді танымал ету үшін құрылған.
«Биоалуандық» тақырыптық кеңесі
«Биоалуандық» тақырыптық кеңесі Қазақстанның өсімдік және жануарлар әлемінің биологиялық алуандығын сақтау мақсатында жобаларды іске асыруда күштерді біріктіру үшін ҚҰГҚ шеңберінде құрылған.
«Туризм, саяхаттар, аймақтану» тақырыптық кеңесі
«Туризм, саяхаттар, аймақтану» кеңесінің шеңберінде Қазақстанда ішкі және халықаралық туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Кеңес ұлттық және халықаралық экспедициялар ұйымдастыру мен өткізуде маңызды рөл атқарады.
«Тарихи- мәдени мұра, этнография» тақырыптық кеңесі
«Тарихи- мәдени мұра, этнография» тақырыптық кеңесі Қазақстан Республикасы халықтарының салт- дәстүрі, тұрмысы мен мәдениеті туралы хабардарлығын арттыруға және тарихи білімді дамытуға жағдай жасайды.
3. Жоба мәнісінің сипатталуы + бюджет (1 беттен артық емес)
Бұл тармақта неліктен бұл жобаның өзекті екені және оның қандай мәселелерді шешуге бағытталғаны сипатталады. Сонымен қатар қажетті қаржыландырудың немесе бірлесіп қаржыландырудың жалпы көлемін көрсетіңіз.
Өтінімдерді ұсынылған үлгіге сәйкес толтыру қажет. Толтырылған өтінімдерді saulet.sakenov@nu.edu.kz және kazgeography@nu.edu.kz электрондық почтаға жіберуінізді және хат тақырыбында «Жоба өтінімі 2016» деп жазуды өтінеміз.
Ж. Өрісбай