"Шоқан Уәлиханов керуен жолы бойымен" азиялық Римге жетті

"Шоқан Уәлиханов керуен жолы бойымен" азиялық Римге жетті

«Шоқан Уәлиханов керуен жолы бойымен» ғылыми-танымдық іс-сапары өте ежелгі қала саналатын Турфан немесе екінші атауы «азиялық Рим» жеріне жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Естеріңізге сала кетсек,  осы жылдың 24 шілдесі күні саяхатшы, ұлы дана ғалым Шоқан Уәлихановтың туылғанына 180 жыл толуына орай "Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының" республикалық-қоғамдық жобасы іске асқан болатын.

Үрімші қаласынан кейін "Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының" республикалық қоғам белсенділері оңтүстік-батыс жерінде орналасқан будда мәдениетінің орталығы Турфан қаласына бет алды. Экспедиция барысында қатысушылар жолда Даваншы аудандық уезіне аялдайды. 

Сапар кезінде саяхатшыларымыз құнары қашқан топырақты даланың 200 шақырым жерін артта қалдырып, Турфан ауданына созылған оазиске келіп тұрақтады. Керуеннің ғылыми жетекшісі Смайылжан Иминовтың айтуынша, бұл аймақ орта ғасыр кезінде қалалық мемлекет ретінде бүкіл жер шарына маңызды рөл атқарған. Сөзінің бірінде:«Бұл жердің ауа температурасы 60 градусқа, ал құмының температурасы 90 градусқа дейін көтеріледі. Ежелгі Турфан тұрғындары, бұрынғы ұйғырлар, бұлақ көздерін тау бөктерінен үйлеріне қаратып су құбырлары мен жер асты арықтарын жүргізген»,- деді. 

Айта кету керек, саяхатшы Шоқан Турфан қаласына дейін жете қоймаған. Оның Қашқар мен Турфан қаласының арақашықтық айырмашылығы 1200 шақырымды қамтиды.

Бұл ғылыми-танымдық экспедиция Турфан қаласынан кейін Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Қорла қаласымен өз жалғасын таппақ. Жоспар бойынша керуен 28-29 шілде аралығында жетуі тиіс. Тап сол жерден бастап саяхатшылар Шоқан Уәлихановтың бағыт бағдары бойынша сыры ашылмаған жерлерге бағыт алмақ. 

Оқи отырыңыз: 

Селфи үшін 75 елді аралап шыққан саяхатшы

Виза жасатпай-ақ демалып қайтуға болатын елдер

Шоқан Уәлиханов ізбасарлары "Қашқарияға" сапар жасамақ

Екі жылдан кейін туристер ғарыш әлеміне әуе шарымен ұшады

Қытайлықтар "Орта Азиядағы Ұлы Жібек жолы" жобасына қызығушылық танытуда

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: www.youreporter.rubookvachka.org.ua

Н. Нұрмаханұлы