Әнші Динара Әлжан Атырауда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші өзінің инстаграм-парақшасында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен бірге түскен суретін жариялады.
"Қайырлы түн, жақсыларым! Қалайсыздар? Елімізде болып жатқан соңғы жағдайлар бәрімізге оңай болмай жатыр. 10 облыс су астына кетті. Өз туған жерім Атырауға осы жағдай басталғалы көмек көрсетіп келе жатырмын. Инстаграмға жария етуді ұнатпаймын, бірақ та мен халқыммен бірге екенімді көрсеткім келеді🙌
Қиындықта шетте қалмайық, аз да болса @asarume_kz арқылы жұртымызға көмектесейік", - деп жазды Динара Әлжан.
Қазір еліміздің 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Ел болып бірігіп, еріктілер жұмылып қиын жағдайға тап болған отандастарымызға көмек қолын созуда. Massaget.kz тілшісі Атырау өлкесіне ат басын тіреп, жергілікті жердегі жағдайды өз көзімен көріп қайтқан болатын.
Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Динара Әлжан Шымкенттің экс-әкімімен қандай байланыста болғанын айтқаны хабарланған болатын. Оның сөзінше, тойға шығу мақсатында Шымкентке барған, алайда кейін отырыста экс-әкіммен танысқан.