70 мың доллар. Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Шымкенттің экс-әкімімен қандай байланыста болғанын айтты

70 мың доллар. Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Шымкенттің экс-әкімімен қандай байланыста болғанын айтты
Фото: Instagram

Динара Әлжан Шымкенттің бұрынғы әкімімен қалай танысқаны, одан алған сыйлықтары туралы айтты. Ол бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Динара тойға шығу мақсатында Шымкентке барғанын, бірақ алданғанын жеткізді.

"Шымкентке бір кісіге "той бар ма?" деп хабарластым. Қызымды тастап кеттім. Анама "көтеріліп келемін" дедім. Қонақүйге тоқтадым. Өтірік болып шықты. Алдап кетті. Бір кезде ресепшн хабарласып, "сізге қонақүйден шығу керек, уақыты келді" деді. Менде ақша жоқ, қайда барарымды білмеймін. Құдайдан тіледім, "осыдан кейін осындай тірлікті мүлдем жасамаймын, түзу жолыммен жүремін" дедім. Нұрсұлтан деген досым хабарласты. "Маған көмектесші, қонақүйдің ақшасын төлей алмай жатырмын" дедім. Ол "болды, қазір Бауыржан деген кісі хабарласады, қонақүйіңді төлеп береді" деді. Ол хабарласты, "кешке туған күн болады. Бір мейрамхана мен караокенің басшысының әйелінің туған күні құттықтау керек, өлең айту керек" деді", - деп еске алды ол.

Оның айтуынша, сол сапарда Шымкенттің бұрынғы әкімімен танысқан. Ол шенеунікті отырыста көрген. Сол таныстықтан кейін ол көмектесе бастаған. 

"Шымкентте отырған кезде көмекшілерімен кіріп келді (Шымкенттің экс-әкімі - еск.). Дәл сол қонақүйдің ақшасын төлей алмай отырған кез. Сол кезде тілек айтып отырып, маған қарап отырды. "Неге маған қарап отыр?" деп ойладым. Биге шақырды. "Неге көзің мұңды? Қалай сендей әншіні білмеймін?" деді. Мен "осындай әндерім бар, хит әндерім жоқ, алда жұмыс істегім келеді, Шымкентке келіп отырмын" дедім. "Қай қонақүйге тоқтадың?" деді. "Шымкент қонақүйі" дедім. Көмекшісіне хабарласып, маған Rixos-тан нөмір алып берді", - дейді Динара Әлжан.

"Уақыт көрсетеді" бағдарламасынан

Сондай-ақ, ол Шымкенттің бұрынғы әкімі қанша ақша бергенін айтты.

"Караокеге бардық, оған өлең айттым. "Дауысың керемет екен, бейнебаянға қанша керек?" дедім. "Білмеймін, қалай танысып, осындай деп айтамын" дедім. "20, қанша?" деді. Келесі күні түскі асқа шақырды. Бизнесмендер, достары отырды. "Флешкіңізді беріңіз, ән айтасыз" деді. Бердім. Ол кіріп келді. "Динараны танисыздар ма? Динара Әлжан - әнші" деді. Бәрі басын шайқады. Сосын маған сырға сыйлады. Damiani, 20 мың доллардың сырғасын сыйлады. "Шымқала" деген бейнебаянда бар. Сосын миллион теңге берді. "Не жағдай болып тұр? Қиналып жүрсің ғой" деді. "Үйсіз қалдым" дедім. "Болаттың бұрынғы тоқалымын" деп ештеңе айтқан жоқпын. Ақшалай берді. Жалпы есептегенде 70 мың доллардай берді. Бір айдың ішінде бес бейнебаян түсірдім. Үй алдым. Біз ол кісімен жүрген жоқпыз, бір айдай араластық", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Болат Назарбаевтың тоқалы онымен алғашқы кездескен сәтін мәлімдеген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова