Атырауда бір отбасының өліміне қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Айыпталушы - марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев. 29 мамырда айыпталушының ата-анасы сотта жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айыпталушының анасының айтуынша, ұлы мен келіні 2018 жылы неке қиған. Жас жұбай Махамбет ауданында күйеуінің ата-анасымен бірге тұрған. Айыпталушының анасы алғашқы жылдары отбасындағы қарым-қатынас тұрақты болғанын, ұлы жұмыс істеп, отбасын асырағанын жеткізді.
Алғашқы жанжал 2022 жылы, Ақбаян Мұқанғалиева аяғы ауыр кезде болған. Тұрмыстық жанжалдан кейін ол балаларын алып, уақытша төркініне кетіп қалған. Кейін ерлі-зайыпты қайта қосылып, Атырауға көшіп келген. Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасының сөзінше, ұлы соңына дейін отбасын сақтап қалуға тырысып, жұбайына қолдау көрсеткен.
Айыпталушының анасы отбасының өміріндегі елеулі өзгерістер 2024 жылы, Ақбаян Мұқанғалиева пневмониямен қатты ауырған кезде басталғанын айтты. Оған күрделі ота мен ұзақ ем қажет болған.
Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасының сөзінше, сол кезеңде Ақбаянның аяғы ауыр болған. Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін шұғыл түрде кесар тілігін жасауға мәжбүр болған. Сәби аман қалғанымен, анасының жағдайы асқынып, орталық жүйке жүйесі зақымдануы сияқты ауыр зардаптар байқалған.
"Оның жай-күйінде ауытқу басталды, айтқан нәрсесін ұмытып қалатын болды. Бір нүктеге қарап, қатып тұрып қалатын кездері де болды. Келінімнің жағдайы нашарлаған соң баланы аман алып қалу үшін кесар тілігін жасау туралы шешім қабылданды. Ота сәтті өтті, анасы да, баласы да аман қалды", - деді ол сотта.
Әйелдің айтуынша, кейін келінінің жағдайы айтарлықтай нашарлап, өз-өзіне қараудан қалған. 2025 жылы Ақбаянға І топтағы мүгедектік тағайындалған.
Айта кетейік, бүгін Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі де сотта жауап берді.
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.
Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
2026 жылы 18 мамырда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз