Сұлтан Сәрсемәлиев сотта әкесін көріп жылап жіберді

Сұлтан Сәрсемәлиев сотта әкесін көріп жылап жіберді
Фото: Tengrinews.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында бүтін бір отбасының өліміне қатысты іс бойынша куәгерлерден жауап алу басталды. Атышулы іс бойынша басты күдікті - марқұмдардың күйеу баласы, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев. 29 мамырда айыпталушының ата-анасы сотта куәгер ретінде жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот залына алғашқылардың бірі болып айыпталушының әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев шақырылды. Егде жастағы ер адамның есту қабілеті бұзылғаны және аяғының жарақатына байланысты әрең қозғалатыны белгілі болды.

Сот залына әкесі келгеннен кейін айыпталушы Сұлтан Сарсемәлиев көз жасына ерік берген. Бірақ судья Зарема Хамидуллинаның сұрағына "бәрі жақсы" екенін айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews | Новости Казахстана (@tengrinewskz)

Айыпталушының әкесі отбасында төрт бала бар екенін, Сұлтан ең кенжесі екенін, сонымен қатар, ұлының жұбайы Ақбаян Мұқанғалиевамен қарым-қатынасы туралы айтқан.

"Ұлым балаларына да, әйеліне де ешқашан агрессия көрсеткен емес. Олардың арасында жанжал болған жоқ, Сұлтан үй ішіндегілерге әрдайым сыпайы қарайтын", - деді айыпталушының әкесі.

Tengrinews.kz

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:

  • 66 жастағы Мақсот Қарабалин;
  • 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;
  • 35 жастағы қыздары Мейрамгүл Қарабалина;
  • 32 жастағы ұлдары Наурыз Мұқанғалиев.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.

Tengrinews.kz

Күдікті туралы

Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.

Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.

qamqor.gov.kz

24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. 

Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:

  • 99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
  • 188-баптың 2-бөлігі - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық";
  • 190-бап - "Алаяқтық".

Сот отырысы

2026 жылы 18 мамырда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget