2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Әтірді иіскеу оразаны бұза ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оразада әтір себініп немесе иіскеу оразаны бұзбайды. Өйткені әтірдің түтін секілді физикалық массасы жоқ. Аузы берік адам әртүрлі гулдердің иісін иіскеуі оразасын бұзбағанындай, әтірді иіскеуі де оразаны бұзбайды.
Хашия әт-Тахтауи кітабында: "Аузы берік адамның әтірді, гүлді және сол сияқты физикалық денесі жоқ нәрсені иіскеуі мәкрүһ емес" делінген.
Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі - Рамазан айы. Биыл оның ұзақтығы - 30 күн. Мұсылман күнтізбесі ай күнтізбесіне негізделген, сондықтан жыл сайын Рамазан айының басталу және аяқталу күндері өзгереді. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.
Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты Ораза кестесіне өзгеріс енгізілді.
Оқи отырыңыз: Ораза кезінде кұлақ пен мұрынға дәрі тамызу оразаны бұза ма?