Ораза-2024. Ораза кезінде кұлақ пен мұрынға дәрі тамызу оразаны бұза ма?

Ораза-2024. Ораза кезінде кұлақ пен мұрынға дәрі тамызу оразаны бұза ма?
Фото: ru.freepik.com

2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ораза кезінде кұлақ пен мұрынға дәрі тамызу оразаны бұза ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Шариғатта табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірген нәрсе оразаны бұзады.
Кұлаққа дәрі тамызу оразаны бұзады. Себебі құлақ пен тамақтың арасында байланыс болғандықтан, дәрінің тамаққа өту қаупі бар.

Ибн Абидин: "Құлаққа жуынып жатқанда су кірсе, оразаны бұзбайды. Ал дәрі тамызса, ораза бұзылады", - деген.

Оқи отырыңыз: Оразаға ниет етуге қатысты жиі қойылатын 5 сұраққа жауап

А. Жапатова