Биыл қаңтарда кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісі тікелей эфирден көрсетілмейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты әлеуметтік желіде мәлімдеді.
"Сот Нұрайдың ісін тікелей эфирде өткізуден бас тартты. Алайда журналистерге сотқа қатысуға, түсіруге кедергі жоқ екенін жеткізді. Сот отырыстары әр аптаның сейсенбі және жұма күндері таңертеңгі сағат 10:00-де өтеді", - деді Аянхан Омаров.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Серікбайдың жақындары сот отырысын онлайн көрсетуді талап етті.
21 шілдеде Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталуға тиіс еді. Алайда алғашқы отырыс айыпталушы келмеуіне байланысты кейінге шегерілді.
Нұрайдың өліміне қатысты іс
Еске салайық, 2026 жылы 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.
Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.
Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова