Нұрайдың өліміне қатысты іс: айыпталушы ауырып қалған

Нұрайдың өліміне қатысты іс: айыпталушы ауырып қалған
Фото: марқұмның жақындары ұсынған

21 шілдеде Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталуға тиіс еді. Алайда алғашқы отырыс айыпталушы келмеуіне байланысты кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашқы отырыс небәрі 15 минутқа созылды. Төрағалық етуші судья Саммидин Темірәлиев айыпталушы келмегендіктен, процесті басқа күнге ауыстыруға мәжбүр болды.

"Айыпталушы сотқа келмеді. Ол ЖРВИ-мен ауырып, қызуы көтерілгені белгілі болды. Оған денсаулық жағдайына байланысты сот отырыстарына қатыса алмайтыны туралы медициналық анықтама берілген", - деп түсіндірді марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров.

Соттың баспасөз қызметі келесі отырыстың күні әлі белгіленбегенін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін сот-психиатриялық сараптама күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп тапты.

Ал Нұрайдың жақындары сот процесі ашық өтуін, онлайн трансляция жасалып, журналистер қатысуын талап етті, сондай-ақ, істі ауырып қалған айыпталушының қатысуынсыз жалғастыруды ұсынды.

Нұрайдың өліміне қатысты іс

Еске салайық, 2026 жылы 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.

Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget