Майқайың кенішінде ауыр техника төменге түсу үшін жол жасалып жатыр

Майқайың кенішінде ауыр техника төменге түсу үшін жол жасалып жатыр, оқиға орнына жұмылдырылған адамдардың саны да көбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарына 132 адам тартылды.

"Үйінді шеттерінен топырақтың құлап жатыр. Тартылған құтқарушылардың қауіпсіздігі мақсатында ауыр инженерлік техниканы 150 метрге түсіру үшін арнайы жол жасау бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі, "КӘАҚҚ РО", жергілікті атқарушы органдар, "Майқайыңалтын" АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 132 адам және 29 техника жұмылдырылды.

Еске салайық, 4 қаңтарда сағат 01.25 шамасында Баянауыл ауданында "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткені хабарланды. Алдын ала болжам бойынша, құлаған аумақтың ұзындығы - 150-200 метр, ені - 500 метр, тереңдігі -150 метр.

"Апат кезінде автобуста төрт адам болды: республикалық орталық штаб кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ", - деп хабарлады департамент.

Жедел штаб ұйымдастырылды. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы бар. Психологтар жұмыс істеді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына "Майқайыңалтын" АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ТЖ департаменті құтқарушыларының күштері мен құралдары, барлығы 44 адам, 13 техника және бір дрон жұмылдырылды.

Павлодар облысында кен орнында болған апатта қаза болған құтқарушыларды жерлеу рәсімін өткізуге 2 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне "Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қуаныш Ботин айтты.

Ал 5 қаңтарда Павлодар облысында автобустың шахтаға құлап кетуіне байланысты тергеу басталғаны хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз